8 Қыркүйек

   0 434

Қыркүйектің 8-і

Алаштың атаулы күні


• Журналистердің халықаралық ынтымақ күні (1958). Бұл – чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі – Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Осы журналисті еске алу мақсатында Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен IV конгресінің шешімі бойынша атап өтіледі.

• Халықаралық сауаттандыру күні.

• Үш жыл бұрын (2007) Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.

Туған күн иелері

Мұрат Қалматаев (1936) – «Намыс-Секьюрити» ЖШС президенті, генерал-майор;

Хисмет Табылдиев (1936) – тарих ғылымының докторы, профессор, академик;

Ерік Мусин (1950) – Астана қалалық ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы;

Раушан Сатова (1950) – Қазақ көлік және коммуникация академиясының проректоры, экономика ғылымының докторы, профессор;

Сергей Кулагин (1952) – Қостанай облысының әкімі;

Сапарбай Парманқұлов (1956) – «Дала мен қала» газетінің бас редакторы;

Асқар Нұрғазиев (1956) – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары;

Серік Баймағамбетов (1958) – ішкі істер министрі, генерал-майор;

Серік Нөгербеков (1962) – Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;

Мұрат Құдышев (1963) – Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

Сайын Жүнісов (1966) – «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

Лев Тараков (1966) – «Литер» газетінің бас редакторы;

Азат Перуашев (1967) – «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы;

Дәурен Дияров (1970) – «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;

Айдын Қаба (1980) – «Алаш айнасы» газетінің жауапты хатшысы.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»




Белгілі есімнің белгісіз сыры

ХИСМЕТ – араб сөзінен енген есім. Мағынасы «қорғау, медеу, сүйеніш» дегенді білдіреді. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігіне байланысты бұл есімнің Ісмет, Есмет, Қысмет деген де нұсқалары бар. Жаңа туған сәбиге «ата-анасының, туған-туыстарының қорғанышы, сүйеніші, тірегі болсын» деген ізгі ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:17
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15