4 Қыркүйек

   0 433

Қыркүйектің 4-і

Алаштың атаулы күні


• 1 жыл бұрын Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері ресми түрде ашылды.

Туған күн иелері

Төлен Әбдіков (1942) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Жадыра Дәрібаева (1948) – ақын, «Құрмет» орденінің иегері;

Ринат Ғафуров (1949) – Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы;

Думан Орманбетов (1964) – Көлік және коммуникация министрлігінің Ішкі бақылау басқармасының бастығы;

Ернұр Әйткенов (1965) – Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі;

Арман Жұмабеков (1973) – Президенттің Парламенттегі өкілдігі жетекшісінің орынбасары;

Азамат Ибраев (1979) – Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары.

Қыркүйектің 5-і

Алаштың атаулы күні


• 1920 жылы Алаш ақыны Жұбан Молдағалиев дүниеге келді.

• Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні (1431 хижра жылының 26-27-ші рамазаны). Айлардың ұлығы – Рамазан, күндердің ұлығы жұма болса, түндердің шапағаттысы – Қадір түні. Бұл түні тек бір Аллаға мадақ айтылып, Жаратушы иеден тілек тіленеді.

• Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Туған күн иелері

Серік Қапшықбайұлы (1935) – ақын;

Нәжмеден Есқалиев (1941) – «ОралОблГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Саят Мыңбаев (1949) – генерал-майор;

Әзімбай Ғали (1952) – саясаттанушы, тарих ғылымының докторы;

Анатолы Тегісбаев (1953) – «ҚазТрансГаз» АҚ басқарушы директоры;

Асқарбек Мұстафин (1953) – Солтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы;

Нұрсан Әлімбай (1954) – Орталық Мемлекеттік мұражайдың директоры, тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Марат Орынбаев (1961) – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарушы директоры;

Мұхтар Ерман (1963) – «Нұр Отан» ХДП партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары;

Берік Құтпанов (1963) – Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

Әлішер Сүлейменов (1965) – журналист;

Айгүл Қаптағаева (1968) – медицина ғылымының докторы;

Берік Батаев (1967) – Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі;

Майра Мұхамедқызы (1969) – әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Шолпан Айнабаева (1969) – «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ бас директоры;

Нұрдәулет Әбілқайыров (1972) – Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;

Асқар Биахметов (1975) – Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы;

Ерлан Әукенов (1984) – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары.

Қыркүйектің 6-сы

Алаштың атаулы күні


• 85 жыл бұрын (1925) «Таң» журналында Әлихан Бөкейханов жасаған «Қобыланды» жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды.

• 83 жыл бұрын (1927) Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің (1869-1936) ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті.

• 50 жыл бұрын (1960) Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері болып өтті.

• 1994 жылы Министрлер кабинетінің Қаулысымен «Қуат» холдинг-компаниясы мен британдық «Амлон Трейдинг ЛТД» фирмасы негізінде «ҚуатАмлонМұнай» біріккен кәсіпорны – Қазақстандағы тұңғыш жеке мұнай компаниясы құрылды.

Туған күн иелері

Болат Сұлтанов (1951) – Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры, саясаттану ғылымының докторы;

Ерғали Алдоңғаров (1953) – Төтенше жағдайлар министрлігі Әкімшілік істер департаментінің директоры;

Николай Қуатов (1953) – генерал-майор;

Түменбай Қалжанұлы (1955) – Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;

Азат Қосынов (1959) – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаменті директорының орынбасары;

Жұмағазы Кенжалин (1964) – «Қазақ газеттері» ЖШС бөлім бастығы;

Ерлан Өтешов (1971) – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі;

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 11:11
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15