Қыркүйектің 2-сі
Алаштың атаулы күні
• 280 жыл бұрын (1730) Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар Анна Иоанноваға хат жолдап, кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады.
• 130 жыл бұрын (1880-1924) халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келді.
Туған күн иелері
Қаби Оқаев (1929) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Айтбай Қонысбаев (1946) – Кен және кен металлургия қызметкерлері қауымдастығының вице-президенті, полковник;
Марат Сандықбаев (1956) – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бағдарламалар директоры;
Бейбітбек Есінбеков (1958) – Қызылорда облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі;
Ербол Абайділдинов (1959) – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор;
Нұрбек Құнанбаев (1959) – Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
Жұмакелді Қожанов (1960) – Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы;
Серік Ыбыраев (1962) – «Қазгидромет» кәсіпорнының бас директорының орынбасары;
Рүстем Қабжанов (1971) – «ҚазМұнайГаз» ҰК жаңа жобаларды әзірлеу департаментінің директоры;
Серік Оспанов (1973) – «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті;
Бектұрсын Қалдаев (1974) – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, магистр;
Ермағамбет Бөлекбаев (1975) – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы – тәртіптік-кеңестің төрағасы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ЕРМАҒАМБЕТ – қазақтың «ер» және арабтың «хамд» (аса мақтаулы, мадақтаулы – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) есімі) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Жаңа туған сәбиге «Мұхаммедтей ер болсын, аса мақтаулы жан болғай» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін есім.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: