Тамыздың 28-і
Алаштың атаулы күні
• 1889 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Садық Аманжолов дүниеге келді.
• 1904 жылы әйгілі әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жүсіпбек Елебеков дүниеге келді.
Туған күн иелері
Меңдеш Салихов (1947) – KazOilService Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы;
Құрманғали Уәли (1947) – Мәжіліс депутаты;
Михаил Литвинов (1949) – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өкіл-кеңесшісі;
Бақыт Серәлиев (1950) – Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының директоры;
Сейілда Байшақов (1950) – Футбол федерациясының вице-президенті;
Салауат Дембай (1952) – Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің жауапты хатшысы;
Әбдіманап Бектұрғанов (1958) – заң ғылымының докторы, профессор;
Ермаханбет Исаев (1960) – «СастөбеЦемент» ЖШС бас директоры, ҰҚК-інің запастағы полковнигі;
Алтай Қазмағамбетов (1964) – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, педогогика ғылымының докторы;
Нұрсұлу Құрманбекқызы (1965) – «Алаш айнасы» газетінің корректоры;
Әділбек Сәрсенов (1973) – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы;
Анастасия Щегорцова (1980) – Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары;
Болат Ибрагимұлы (1983) – «ҚазФерроБолат» АҚ-тың бас директоры.
Тамыздың 29-ы
Алаштың атаулы күні
• 290 жыл бұрын (1720) Өскемен қаласының негізі қаланды.
• Шахтерлар күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 10 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген.
• 1991 жылы Президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.
• Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды.
Туған күн иелері
Жұмағали Егізбаев (1947) – «Шығыс Қазақстан аймақтық бизнесті дамыту орталығы» АҚ бас директоры;
Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, генерал-майор;
Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор;
Әбдуәхит Мақұлбаев (1961) – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Миграция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы;
Бөлтірік Жақыпов (1961) – Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;
Досан Қасымханұлы (1967) – Bekem Мetals inc компаниясының вице-президенті;
Жанарбек Маманов (1969) – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Бақыт Құрманбеков (1975) – Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары;
Сұлтанжан Ахметов (1976) – «Электронды коммерция орталығы» ЖШС бас директоры;
Марат Бекетаев (1977) – Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
Тамыздың 30-ы
Алаштың атаулы күні
• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылы бүкілреспубликалық референдумда қабылданған.
• 11 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Жамбыл кесенесінің жанындағы сазгер Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) қабірінің басына ескерткіш орнатылды.
Туған күн иелері
Төлеген Рахымжанов (1948) – полиция генерал-майоры;
Лариса Васильева (1949) – Алматы қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы;
Қыдыркелді Медеуов (1955) – Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі;
Серік Бейсеков (1958) – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, полковник;
Қайрат Түгелбаев (1959) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі;
Меруерт Қазыбекова (1961) – Қазақстан әйел кәсіпкерлері одағының төрайымы.
Тамыздың 31-і
Алаштың атаулы күні
• 1874 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі Түбек Есенғұлов дүниеге келді.
• 3 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.
• 1 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Туған күн иелері
Гүлмира Шалабаева (1956) – философия ғылымының докторы;
Дамир Халықов (1958) – Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор;
Тілек Әлжанов (1960) – «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Ерлан Нығматулин (1962) – Мәжіліс депутаты;
Нұрлан Нығматулин (1962) – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымының докторы;
Талғат Сәрсенбаев (1966) – заң ғылымының докторы, профессор, полиция полковнигі;
Сәуле Сәрсенбаева (1967) – С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор;
Марат Иғалиев (1974) – индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
БӨЛТІРІК – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігін осылай атайды. Жалпы, түркі халқы өзін Көк бөріден тарататын болғандықтан, «Бөлтірік, Арлан, Қасқырбай» есімдері ел ішінде ара-тұра кездесіп қалады. Бұл есімді жаңа туған сәбиге «қасқырдай қайратты, қайсар» болсын деген ниетпен қояды. Аузы дуалы Бөлтірік шешеннің құрметіне де нәрестеге осы есімді беріп жатады. Ел ішінде өте сирек кездесетін төл ныспымыз.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: