27 Тамыз

   0 348

Тамыздың 27-сі

Алаштың атаулы күні


• 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге қарсы білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.

• 1992 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

• Үш жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.

Туған күн иелері

Анар Қашағанова (1952) – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас директорының бірінші орынбасары;

Бексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және олардың ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры, профессор, генерал-майор;

Самат Байқоңыров (1956) – «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ тың әкімшілік және кадр істері департаментінің директоры;

Сара Нұрғалиева (1958) – «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұк президентінің кеңесшісі;

Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі;

Марат Мұхамбетов (1960) – «АТФ Групп холдингтік компаниясы» ЖШС директоры;

Қанат Жанғаскин (1961) – экономика ғылымының докторы;

Болат Сәтбаев (1963) – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;

Сабыр Есімбеков (1964) – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Инвестициялық жобалар департаментінің директоры;

Айзада Аққайсиева (1969) – «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директорының орынбасары, экономика ғылымының докторы;

Болат Меншік (1981) – «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ басқарушы директоры;

Мақсат Жақсыбаев (1982) – Орталық сайлау комиссиясының бас сарапшысы.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»


Белгілі есімнің белгісіз сыры:

ДАСТАН – әдебиеттегі эпикалық жанрды, сюжеті ұзақ жырды, қиссаны бізде осылай атаса парсы тілінде «дәсте» бірінен соң бірі айтыла беретін әңгіме деген мағына береді. Жаңа туған сәбиге «өмірі өнегелі, ғұмыры ұзақ, есімі ел жадында жүретін ұлан болсын» деген ниетпен ырымдап қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

27 тамыз 2010, 10:07
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15