12 Тамыз

   0 429

Тамыздың 12-сі

Алаштың атаулы күні:


• Халықаралық жастар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюциясына сәйкес, 1999 жылдың 17 желтоқсанынан бастап аталып өтеді.

• 1970 жылы Алматыда Қазақ циркі ғимараты бой көтерді.

Туған күн иелері:

Мақан Жұмағұлов (1924) – ақын-аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері;

Сатыбалды Қыдырханов (1949) – армрестлинг бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері;

Жаңылжан Жүнісова (1951) – саяси ғылымдар докторы, профессор, академик;

Созақбай Әбдіқұлов (1954) – Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі;

Серікбол Мусинов (1957) – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы;

Әлімхан Әбжанов (1964) – Қызылорда облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі;

Нәркес Тілеухан (1965) – Мәжіліс аппараты заңнама бөлімінің меңгерушісі;

Күләш Нақыпова (1971) – «Алаш айнасы» газетінің аға корректоры;

Азамат Мелдебеков (1977) – Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;

Қуаныш Нұрқиянов (1979) – «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ басқарушы директоры.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»




Белгілі есімнің белгісіз сыры:

НӘРКЕС – қазақтың қыз балаға қоятын ырымды ныспысы. Жаңа туған сәбидің көзі тұнық, әдемі болса, осы есімді беретін болған. «Тіл-көзден аман жүрсін, әдемі болсын» деген ниетпен қойылады. Және де бақшада өсетін күлтесі ақ немесе сары түсті, хош иісті гүлді де «нәркес» деп айтады. Ел ішінде сирек кездесетін есімдер қатарына жатады.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

12 тамыз 2010, 11:04
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15