11 Тамыз

   0 400

Алаштың атаулы күні

• Қасиетті Рамазан айының және мұсылмандардың бес парызының бірі – оразаның басталу күні. Рамазан – мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады, оны парсы тілінде – рузе, түрік тілінде – ураза, ал қазақ тілінде ораза деп атайды. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар белгілеп кеткен.

• Осыдан 15 жыл бұрын (1995) Жидебай қорығында салынған «Абай мен Шәкәрім күмбездері» мемориалының ашылу салтанаты болды.

Туған күн иелері:

Фатима Полимбетова (1929) – Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, биология ғылымының докторы, профессор;

Александр Исаев (1929) – суретші-мүсінші, Алматыдағы М.В.Фрунзе ескерткішінің авторы;

Леонид Тель (1942) – медицина ғылымының докторы, профессор, академик;

Кәбір Ғабдуллин (1943) – ақын;

Бекет Кембаев (1944) – Халықаралық инженерлік академияның және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, биология ғылымының докторы;

Ерлан Нысанбаев (1961) – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы;

Әлібек Тілегенов (1961) – Жамбыл облыстық салық департаменті бастығының орынбасары;

Олег Червинский (1968) – «Новое поколение» газеті редакциялық кеңесінің төрағасы;

Мақсұт Абдулов (1969) – «Интергаз Орталық Азия» АҚ атқарушы директоры;

Инна Ахметова (1974) – Президент Әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;

Қуанышбек Қари (1975) –  «Азаттық» радиосы Алматы бөлімшесінің бас редакторы, ирантанушы;

Қасым Аманжол (1977) – тәуелсіз журналист;

Сандуғаш Сүйінова (1979) – Мәжіліс аппаратының бас консультанты;

Серік Тәңірбергенов (1979) – Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент директоры.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»


Белгілі есімнің белгісіз сыры:

БЕКЕТ – қазақтың төл есімі. Отбасында бала тоқтамай, шетіней берген кезде дүние есігін ашқан ұл балаға «бізге бұйырған, бекіген бала осы болса екен, осы баламыз белін бекем буған азамат атанса екен» деген ырыммен қойылатын ныспы. «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет» деген сөз бар ел ішінде, сондықтан көбіне БЕКЕТ әулиенің құрметіне осы есімді қойып жататындар да кездеседі. Халық арасында өте сирек кездесетін ныспы.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

11 тамыз 2010, 11:17
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15