Елімізде Қошқарата деп аталатын ауыл, өзен, су аттары көп. Тіпті Қырғызстан мен Өзбекстанда да бар. Кезінде бұл атауға қатысты дау туындағаны да белгілі. Шежірешілердің айтуынша, елімізде мұндай атауды иеленген 11 мекен бар екен.
Қошқарата: аңыз бен ақиқат
Аңызға құлақ түрсек, Қошқарата, негізінен, XI ғасырда өмір сүрген делінеді. Қаратау өңірінде өмірге келген. Жастайынан зеректігімен көзге түскен оны ата-анасы Бұқараға жеті жасында оқуға жібереді. Өзінің шын аты Қылыш болған. Төртінші атасы Арқар деген асқан батыр адам болған деседі. Сол «сен енді Арқардай бола алмассың, қошқардай бол» деп жанама ат қойған екен. Бұқарада он шақты жыл оқыпты. «Шымқаланың іргесін ең алғаш көтерген де – Қошқарата» дейді бір аңыз. Көзі ашық, ілімді Қошқарата осы өңірге қайтып келіп, мешіт, медресе ашады. Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) елге танытып, бұқараның имани сауатын ашуға атсалысады. Он жыл осында тұрақтапты. Одан кейін ұстаздары қайтадан Бұқараға шақырады. Онда үлкен кісілерге, ілімді адамдарға дәріс беруге шақыртылады. Бір жыл ғұламаларға ілім үйретеді. Діни тұрғыда еліне көп шапағаты тиеді. Алланың берген қасиетінің арқасында көптеген бұлақтардың көзін ашып, суландырумен айналысқан. Қошқарата бабамыз Шымқалада өмір сүрген. Елімізде оның денесі жерленген деп 12-13 жерді айтады екен. Алайда қазіргі таңда оның жерленген жерін тап басып анықтау мүмкін болмай тұр. Өйткені оның әулие екенін білетін қарапайым жұртшылық бір елге барып, халықтың көзін ашып, ілім үйретіп, тұрақтаған жерін ешкімге басқызбай қоршап қояды екен. Алдын шеңгелмен қоршаған, одан қышпен көтерген. Осындай себеппен «осында Қошқарата жатыр» деп насихатталып кеткен. Осындай кесенелері көп. Айтпағымыз, Шымкенттегі Қошқарата өзені турасында...

Құрмансейіт ЗИЯЕВ, Қошқарата мешітінің шырақшысы:
– Бұрын бұл жердің аты Мыңбұлақ болған. Қазығұртта үйдің ортасындай жерден су шығып жатыр. Қошқарата бастауын сол жерден алады. Екпінді еліне келіп, су сіңіп кетеді де, қайтып осы Шымкенттегі қазіргі Қошқарата өзенінің бастауынан шығады. Су мамандары талай мәрте тексерген. Бояу, шай жіберген. Сол заттар осы жерден шыққан. Бұл жерде көп бұлақ бар. Қошқарата – Шымқаланың барлық түкпірін аралап ағатын жалғыз өзен. Ауаны дымқылдандырып тұратын қасиеті бар. Соған қарамай, аяламаймыз. Керісінше жаман қоқысты осы өзенге тастап жатады.
Бұл турасында газетіміздің өткен сандарында жазған болатынбыз. Киелі өзеннің киесін қашырып жүрген өзіміз екендігі өкінішті.
Су бетінде қалқыған әулие
Қошқарата жастайынан зеректігімен, ерекше дарынымен көзге түседі. Бұқараға оқуға барғанында ұстазы оны өзгелерден оқшаулап, ерекше ықыласпен қарайды екен. Бұған ашуы келген бір шәкірт үнемі Қошқаратаға тиісіп жүреді. Ұстазының «қой» деген сөзін құлағына ілмейді. Содан бір күні шәкірттердің бәрін отын алып келуге жұмсайды. Сол кезде ұстазы Қошқаратаның қасиетіне өзгелер де куә болсын деп шешіп, Қошқаратаны өзеннің арғы бетіне жұмсайды. Сонда ол судың бетімен жүріп өтеді. Табаны судың бетін сырып қана арғы бетке батпай жетеді. Оның суға батып кетпей, судың бетімен жүргеніне шәкірттер таң-тамаша болыпты. Айналасындағылар осыдан кейін ғана оның қасиетін мойындаған деседі.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: