Қазақ жерінің хикметтері

Танымал тэгтер: , Мың шейіт, құдыққа, Әулие, Әулие
25 қараша 2011, в 11:30 Меккеден жеткен асатаяқ
Баянауыл ауданында Лекер атты шағын ғана ауыл бар. Бала кезімізде «Лекер деген кім екен?» деп ойлаушы едік. Бертін келе ауылдағы ақсақал, шежіреші қарттардан естіген әңгімелер арқылы Лекер атаның қажы болғанын, тіпті халық оны әулие деп танығанын білдік. 0 153
19 қараша 2011, в 11:54 Бізге беймәлім Бесіктөбе
Қазақ даласының әрбір төбесінің астында бүгіп жатқан бір құпия бар секілді. Бағзы заманнан бергі кезеңнің шежіресіне айналған сол төбелер жайлы елдің ішінде айтылатын әфсана аз емес. Ертеден құймақұлақ қарттардың айтатын құнды әңгімесіне құлақ түріп үйренген біздің ұрпақ үшін өткен тарихқа ойша оралу тәрізді. 0 114
5 қараша 2011, в 12:16 Ордабасы кеңесі Орбұлақтан басталған
Қасиет қонып, құт дарыған қазақ даласының тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін хикметке толы мекендерінің бірі – Орбұлақ даласы. Атақты Орбұлақ шайқасы болып, адамзат тарихындағы Отан қорғаудың қайталанбас үлгісін көрсетіп, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің берік қамалын орнатқан киелі топырақ. 50 мың жау қолына 600 сарбазбен қарсылық көрсетіп, өзінен 84 есе көп әскердің бетін қайтарып, туған жер төсінен түре қуып тастаған жер. 0 152
15 қазан 2011, в 09:40 Құлақтан кетпес қобыз сарыны
Алаштың анасы атанған көне Сырдың бойы – түбі бір түркі жұртының байырғы мекені. Бұл бүгінгі ұрпақ үшін жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Ауыз толтырып айтатын осы дүниелерге негіз болар­лық дәйектер аз емес. Ескі заманда елдің ардақ тұтар абызына айналған Қорқыт атаның мәңгілік дамыл тапқан, талбесіктен жербесікке дейінгі өмір өткелінің ізі қалған қасиетті мекен де киелі дарияның бойында жатыр. 0 201
8 қазан 2011, в 11:33 Әулиетас, Әулиебұлақ және жеті әулие
Тәңірдің құты түсіп, табиғаты ерекше жаратылған Баян елі десе, елең етпейтін, арнайы келіп ат шалдырмайтын қазақ жоқ. Әйтсе де Баян елінде жұртқа танылмаған, қойнауына талай құпия сыр бүккен жерлер, тау-тас, сулар қаншама. 0 238
9 шілде 2011, в 11:12 Қарт Қаратау құпиясы
Қалың қатпарлы Қаратаудың соңғы сілемдері Сыр өңіріне жетіп жығылады. Қазақ даласының оңтүстік өлкесін бойлап жатқан тау – қашаннан да ұлтымыз үшін ұлық тұтқан киелі мекеннің бірі. Бағзы заманнан байтақ даламыздың көркін кіргізіп, ажарына әр берген, баурайында бір қауым елге нәр берген ол жайында құймақұлақ қазыналы қарттардан естіген әпсанамыз көп-ақ. Ескі көздер Әзіретті Қаратау, Әулиелі Қаратау, Қазыналы Қаратау дейтін еді. 0 622
18 маусым 2011, в 12:36 «Көзіме бір көрінші, Ерейментау!»
Ереймен таулары ту сыртында есіліп аққан Есіл мен Нұра, батысында – Көкше, оңтүстігінде Аюлы-Нияздың сілемдерімен жалғасып, шығысындағы Ақкөл, Жайылма аумағына қарай созыла түсіп, адырлы далаға айналады. Төсінен топыр да өткен, топан да өткен осы шежірелі өңір кезінде кімдерге қоныс болмады десеңізші! 0 433
28 мамыр 2011, в 11:51 Табайдың тілі байланған жер
Қазақтың талай құпиясын сақтап жатқан қасиетті қарт Торғайда Әспет деген бұлақты мекен бар. Өз кезінде әулие атанған Табай би осы Әспетті жайлаған екен. Сол маңда қазан тектес шұңқырға тұнған қарасуға шомылуды жақсы көретін Табайдың бір күні судан шыққанда тілі байланыпты. 0 579
16 сәуір 2011, в 11:51 Айша бибі кесенесі – махаббаттың символы
Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың барлығы да көне заманның бүгінгі куәгеріндей күмбездерін күнге сүйгізіп, өңірдің атын асқақтатып тұр. 1 2385
12 сәуір 2011, в 12:04 Жер кіндігі және «Байқоңыр»
Жарты ғасыр бұрын Жер шарынан тұңғыш рет адам баласы зеңгір көкке бет түзеген зымыранға аяқ артты. Бұл күн қазір алып ғаламшардағы айтулы оқиғаның біріне айналып отыр. Әрине, осы атаулы күн жақындағанда жер кіндігі деген тіркес ойға орала береді. 0 636
9 сәуір 2011, в 11:43 Ақтоғайда да біз білмейтін құпия көп
Қазақтың белгілі ақыны Дәуітәлі Стамбековтің «Ақтоғай жайлы аңыз» атты жыры бар. Ақын осы балладасында өзі туып-өскен өңірдің табиғаты мен тылсым аңызын байланыстыра жырлайды. Ал аңыздың түбі ақиқатқа, тарихтың түбі табиғат аясынан шыққан адамзат қауымының ең ескі дәуірлеріне бастайтыны белгілі ғой. 0 617
2 сәуір 2011, в 12:48 Мақат сағанасы – ашық қабірстан
Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласының маңында Екідің ауылы бар. Бұл мекен небір сырға толы. Кең даланың төсінде ертеден келе жатқан мазарлар жетерлік. Ауыл ақсақалдары олар жайында майын тамызып, қызықты етіп әңгімелеп береді. Тек тыңдайтын құлақ болсын деңіз. 0 772
26 наурыз 2011, в 13:04 Дарбаза шайтандар мекені ме?
Біз кейде жұмбақ жаратылысты елегіміз келмейді. Елдің аузында жүрген кейбір әңгімелерге елең ете қоймаймыз. Ойдан құраған шығар дейміз. Дегенмен шындыққа сәйкес келетін оқиғалар орын алып жататыны да жасырын емес. Жалпы, жұртшылық арасында шайтандар жайында түрлі жорамалдар айтылады. 1 566
12 наурыз 2011, в 13:40 Тарбағатай – Тәңір тау
Басына бұлт қондырған, бауырына жұрт қондырған Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай тауы әлі терең зерттеуді қажет етеді. Бағзыда Барқытбел деп аталған тау, кейіннен қалмақ тілінде «суырлы тау» деген мағынаға ие Тарбағатай болып аталды. 0 1074
5 наурыз 2011, в 11:13 Құпиясы көп Көккесене
Қазақ халқының хас батыры атанған әйгілі Алпамыстың асыл жары Гүлбаршын сұлудың мәңгілік мекені қайда жатыр? Алаштың ардақтысына айналған батыр жайында айтылатын аңыздарда оның құдай қосқан қосағы жайында егжей-тегжейлі айтылған. 0 942
19 ақпан 2011, в 16:55 Қостанайдағы «Қауметей тасының» құпиясын білеміз бе?
Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің бойында орналасқан Лисаков деген шағын қалашықтың маңындағы ұсақ тастардың үлкен үйіндісі алыстан қараған адамға тауды елестеткендей. Егер бұл аймақтың жазық далада орналасқанын ескерсек, жергілікті жұрттың осы бір жай ғана қырды неліктен тауға теңейтінін түсінген болар едіңіз. 0 572
25 желтоқсан 2010, в 14:48 Қазалы атауы қайдан шыққан?
Әрбір жер-су атауында өзіндік сыр бар. Қазақ оны белгілі дүниелерге орайлас қояды. Астарына үңілсеңіз, көптеген деректі кезіктіре алатының ақиқат. Олар жұртты еріксіз өзіне қызықтыра түседі. Ұлан-байтақ даламызда мұндай қастерлі орындар көп. 2 1200
11 желтоқсан 2010, в 15:33 «Сатан» сайының сыры немесе сары алмаға айналған сары ат
«Жердің аты – елдің хаты» дегенді халық бекер айтпаған. Топонимдердің тереңіне үңілсек, тарихтан тамыр алған ел аузындағы аңыздар, нақтырақ айтқанда, аңызға айналған шындықтар алдыңыздан тізбектеліп шыға келеді. 0 832
4 желтоқсан 2010, в 14:28 Шайтанкөл – аңыздар мекені
Осыдан аттай 105 жыл бұрын Қарқаралы тауларының қарағай-қайыңды қолаттары тасқа шағылған болат шапқының шыңылымен жаңғырығып, орман-тоғайды мекендеген құс атаулы дүрлігіп, елігі елеңдеп, бұланы мөңірей қашқан бір оқиғаға куә болды. 0 1703
27 қараша 2010, в 12:57 Айрықша қасиет дарыған әулие
Дария бойында дүйім елдің есінде әлі күнге дейін сақталып қалған атақты адамдар аз болған жоқ. Олардың арасында ерекше қасиетімен елге танылған кісілер де бар еді. 0 885
 1 2 3 > 

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15