Шымкентте жолақы көтеріледі

   0 240

Шымкентте қоғамдық көліктердің билеті қымбаттайды дейді. Бұл қаншалықты рас?

Сәуле Ізбасар,
Шымкент қаласы



Шымкентте көп кешікпей жолақы қымбаттауы мүмкін. Жергілікті жолаушыларды тасымалдау қауым­дастығы облыс орталығында жолақының 45-50 теңгеге дейін көтеру жөнінде жергілікті биліктің ал­дына мәселе қойды. Бұл талап орындалмаса, облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің үштен бірі қа­тардан шығатындығын мәлімдеуде.

Жолаушы тасымалдаушы мекемелер бағаның өсуін жанар-жағармай мен автокөліктердің қосалқы бөлшектерінің қымбаттауымен байланыстырып отыр. «Жүргізушілер өз жұмысынан пайда көру былай тұрсын, кеткен шығынның орнын жаба алмай жатыр», – дейді аталған қауымдастық өкілдері.

Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, қыс мезгілінде қалада қоғамдық көлік жетіспеушілігі қатты сезілуі мүмкін. Өйткені айналымдағы автобустардың 30-35 пайызы ескі және қысқы жолға жарамсыз. Сондай-ақ кезінде несиеге қоғамдық көліктер сатып алған мекемелер де шығынға батып, жабылудың алдында тұр.

Дархан Каюпов, Шымкент қалалық жолаушыларды тасымалдау қауымдастығының төрағасы:

– Қалалық әкімшілікке жолақыны көтеру туралы ұсыныспен шықтық. Енді олар комиссия құрып, бұл мәселені тексеретін болады. Қалай болғанда да, жол­ақы қымбаттайтын шығар.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 12:09
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15