Жыл соңында ұялы байланыс тарифі екі есеге арзандайды

   1 262

Ұялы байланыс қызметі арзандайды дейді. Сол рас па?

Ербол Азатов,
студент



Иә. Жылдың соңына дейін Қазақстандағы ұялы байланыс қызметі арзандайды. Ұялы байланыс операторлары таяуда мұны ресми түрде растады. Дәл қазір еліміздегі мұндай байланыс қызметі Еуропамен салыстырғанда 4,5 есе қымбат екені белгілі болып отыр.

Байланыс және ақпарат министрлігі биылғы жылдың басында осы нарықтағы жағдайды сараптай келе, ұялы байланыс операторларына тариф саясатын қайтадан қарастыруды ұсынған болатын. Аталған нарыққа қатысушылар бұл ұсынысты қолдап отыр. Енді бір минуттың құны шамамен 6 цент, яғни 9 теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар операторлар өзге байланыс операторына қосылудағы интерконнект ақысын да төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ бұл – болашақтағы іс.

«Интерконнекттің жоғары тарифі нарыққа кірудегі басты кедергі болып табылады. Сондықтан біз операторларға бұл кедергіні жоюда тарифті төмендетуді ұсындық. Міне, бүгіндері операторлар бұл реттегі тарифті 20 пайызға арзандатуға уәде беріп отыр. Ал біз бұл бағаның тағы да біршама төмендегенін қалар едік», – дейді осы мәселеге қатысты көзқарасында байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

нурлан (15.11.2010 21:41)
Салеметсизбе! Менің өтінішім осы ұялы телефон тарифтері арзандайды дейді, сол рас па?

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 12:08
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15