Химиялық жолмен бұйралаудан шаш қатты бүліне ме?

   0 336

Мен толқынданып тұратын, бұйра шаштарға қатты қызығамын. Өзімнің шашым ондай емес. Әрине, химиялық жолмен бұйралауға болар еді. Бірақ ол зиян ғой. Шашты бұйралаудың неғұрлым зиянсыз түрі бар ма?

 Гүлсім ОРАЗБЕКОВА,
Тараз қаласы



Зиянды екендігіне қарамастан, шашты сілтілік бұйралау әдісі күні бүгінге дейін ең көп тараған және танымал әдіс күйінде қалып отыр. Өйткені ол анағұрлым арзан және ұзаққа жетеді. Бірақ соның салдарынан шаш өзінің табиғи құрылымын жоғалтып, ұштанып, қабыршықтанып кетеді. Тиімділігі жағынан алғанда, әрине, таптырмайтын әдіс. Себебі шаштың бұйрасы 5-6 айға дейін сақталады, бірақ одан кейін шашты жақсылап тұрып емдеуге тура келеді.

Соңғы уақыттарда қолданысқа ене бас­таған биологиялық бұйралау әдісінің тиімді екендігі, шаш құрылымын бұз­бай­тындығы рас. Бірақ ол ұзаққа жетпейді. Жуық арада шашты бұйралаудың жапондык әдісі де пайда болды. Білетіндердің айтуынша, шашты бүлдірмейтіндігі өз алдына, ол тіпті оны емдейтін көрінеді. Бұл, әрине, күмән туғы­зады. Өйткені кез келген химия шаш құрылымына қалайда кері әсерін тигізеді. Дегенмен құрамында емдік компоненттердің де болуы қауіпті аздап болса да сейілте алады.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 11:52
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15