Мәскеудің ЦСКА-сының сапында ойнаған серб футболшысы Милош Красичтің ойыны ұнаушы еді. Жақында ол өзінің жаңа клубына ұшақ жалдап, ұшып барған дейді. Сол рас па екен?
Ербол Қаумен, Қарағанды облысы
Шетелдік электронды басылымдардың (порталдардың) мәліметтеріне сүйенсек, айна-қатесіз шын. Жақында ғана Италияның әйгілі «Ювентус» клубына ауысқан Красич осы команда сапындағы алғашқы жаттығуға кешігіп бармас үшін ұшақ жалдаған. Оның жаттығу жұмысына 10 000 евро төлеп, ұшақпен ұшып келгенін білген командаластары, яғни Турин клубының ойыншылары Красичтің бұл қылығына таңданып, таңдай қаққан. Әрі оның осындай жауапкершілігі мол адам екендігіне көздері жетіп, риза болған.
– Әрине, осынша қомақты қаржыны жан қалтамнан шығару біршама ойлантып-толғантты. Бірақ мен оған өкінбеймін. Дұрыс істедім. Есесіне, 15 мың адам тамашалауға келген жаттығу жұмысына үлгердім. Олар ұзақ қол соғып, бізге үлкен қошемет көрсетті. Бәрі де менің 10 000-ға ұшақ жалдап келген қылығыма таңғалысып, қолдайтындықтарын білдірді. Клубқа жаңадан келген ойыншы үшін мұның маңызы зор ғой. Ал Дель Пьеро бәрінен бұрын жаныма келіп, «біз сені асыға күттік» деді. Ол – өте тамаша адам және әлемдік футболдың нағыз жарық жұлдызы, – деп өзіне ақшадан гөрі жаңа командаға тастай батып, судай сіңіп кету маңызды екендігін сездіріпті ол.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: