«Тұңғыш рет жылқыны қолға үйреткен — қазақтар» деген пікір жиі айтылушы еді. Сол расталды ма?
Бейбіт Құралұлы
Жуырда ағылшын ғалымдары қазақстандық археологтардың осыған қатысты жаңалығын растауға мәжбүр болды. Ұлыбританияның Эксетер университетінің археология департаментінің басшысы Алан Оутрэм: «Керамикалық ыдыстағы тағам қалдығын зерттеген соң, оның бие сүтінің май молекулалары екені анықталды. Бұл жаңалық осыдан бес мың жыл бұрын Қазақстан аумағында жылқы жануарын тұрмыста да, соғыста да пайдаланғанын дәлелдеп берді», – дейді.
Бұған дейін әлемдік жылқы шаруашылығының тарихы төрт мың жыл бұрын басталғаны жөнінде болжам бар еді. Ал Еуразия құрлығындағылар «жабайы жылқыны тұңғыш қолға үйретуші» деген атауды иеленгісі келетін. Эксетер университетінің мамандары Солтүстік Қазақстан облысының Ботай сайында табылған ежелгі малдың сүйектерін, тізгін мен балшық ыдыстардың бөлшектерін зерттеген. Оған дейін ботай мәдениетін ашқан профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен отыз жыл бойы қазақстандық ғалымдар археологиялық зерттеулер жүргізген. Олар мыңдаған көне заттарды тауып, тұңғыш рет дәл осы ботайлықтардың жабайы жылқыны бағындырғанын дәлелдеп берді.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: