«Ералаш» киножурналы экранда қашан пайда болған?

   0 264

Балалар қызыға көретін күлкілі «Ералаштың» «жасы» қаншада?

Диана БАЙКЕНОВА,
Алматы



Балалардың юморлық жанрдағы «Ұлдар мен қыздар, олардың ата-аналары…» («Маль­чиш­ки и девчонки, а также их родители…», сөзін жазған – Александр Хмелик) деп баста­лып, осылай деп аяқталатын, күлкіге құрылған «Ера­лаш» киножурналы 1975 жылдан бері шы­ғып келеді. Қазіргі кезге дейін оның 233 саны шықты және әлі де жалғасуда. Кино­жур­налдың негізін қалаушылар – драматург Алек­сандр Хмелик пен Борис Грачевский. Бүгін­ге дейін елеулі өзгеріске ұшырай қой­маған «Ералаш» журналы 2000 жылдан бастап ком­пьютерлік анимацияға көшті, қазір flash ани­мация пайдаланылады. «Ералаш» кино­жур­налының композиторлары – Алексей Рыб­ников пен Теодор Ефимов. Қазіргі белгілі ак­тер­лердің көбі алғашқы қадамдарын осы «Ера­лашқа» түсуден бастағандар. Журнал ұжы­мы күлкілі оқиғаларды іздеп және іріктеп қана қоймайды, сонымен қатар рөлдерді ой­науға балалар арасында мега-кастинг те өткі­зіп отырады. «Ералаш» киножурналының әр санын «Юмор FM» эфирі арқылы да тың­дау­ға болады. Қызықты, күлкілі, жеңіл юморға құрылған «Ералашты» балалар ғана емес, үлкендер де қызыға қарайды.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:35
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15