Ұлы Отан соғысына қатысты айтылатын «Ешкім ұмыт болмайды, еш нәрсе ұмыт қалмайды» деген тіркестің авторы кім?
Ләззат БАЙКЕНОВА, Арқалық қаласы
«Ешкім ұмыт болмайды, еш нәрсе ұмыт қалмайды» деген тіркес Ұлы Отан соғысы жайындағы кинофильмдерде, соғыс туралы бағдарламаларда үнемі айтылып келеді. Бұл – кеңестік кезеңдегі жалпыхалықтық игілікке айналған, Ұлы Отан соғысында ел үшін шайқасқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп, патриоттық сезімге тәрбиелеуге негізделген үгіт ретіндегі ұран. «Ешкім ұмыт болмайды, еш нәрсе ұмыт қалмайды» ең алғаш Ленинград қоршауында құрбан болғандар жерленген Ленинградтағы Пискаревск зиратына қойылған мемориалдық тақтаға жазылды. Бұл осы тақтаға жазылу үшін арнайы 1960 жылы жазылған ақын Ольга Берггольцтің өлеңінен алынған. 872 күн қоршауда болған Ленинград жерінде 470 мың жауынгердің қаза табуы сол соғысты көргендердің жүрегінде мәңгілікке жазылып қалды. Халықтың басына түскен нәубетті ешкім еш уақытта ұмытпасы белгілі. Кейін осы тіркес басқа елдерде де соғыс құрбандарына тағзым ретінде қойылған мемориалдық тақталарда жазылатын болды.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: