Гиппократтың анты қайда кетті?

   0 474

Бұрын дәрігерлер Гиппократ антын қабылдап жататын. Әлі де солай ма екен? Бұл өзі қайдан пайда болған ант?

Оразбай НҮСІПҚОЖАЕВ,
зейнеткер



С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық ме­ди­циналық университетінің тәрбие жұ­мыс­тары жөніндегі басқарма бастығы Раушан Ама­н­­баеваның сөзіне қарағанда, бүгінде әй­гі­лі ғұлама Гиппократтың анты тәжірибеде жоқ. Елі­міздегі болашақ дәрігерлердің оның орны­на Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің антын қабылдай бастағанына шамамен 10 жыл­ға жуық уақыт болды. Мәтіні көне грек тіліндегі Гиппократ сөзінен өзгеше ант ҚР Үкіметінің шешімімен 2003 жылы қарашаның 27-сінде бекітілген. Айта кетейік, аты айтып тұрған­дай, дәрігерлердің моральдық мінез-құлқын тұжы­рымдайтын Гиппократ антын алғаш рет біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ежелгі грек дәрігері Гиппократ жазып қалдырған. Уақыт өте келе әр мемлекеттің ұлттық діліне сай аударылып, мән-мағынасын өзгерткен бұл құжат қазір әлемнің көптеген елдерінде пайдаланылмайды. Мәселен, Солтүстік Америка мен Еуропа мемлекеттерінде 2006 жылы оның орнын «кәсіби кодекс» басса, Ресейде 1999 жылдан бері «Ресей дәрігерінің анты» қолданылып келеді.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:23
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15