«Еуро – 2012» іріктеу турнирінің аясында өткен Австрия – Қазақстан матчын көрсетеміз деп «Хабар» телеарнасы әрдайым жарнамалаумен болды. Тіпті спорттық сайттардан да аталмыш матчтың трансляциясы туралы ақпараттар берді. Бірақ түнімен күтсек те, ұлттық құрамамыздың ойынын көреміз деген үмітіміз су сепкендей басылды. Анықтап бере аласыздар ма, бұл трансляция неліктен көрсетілмеді?
Жандос ҚАДЫРҒАЛИЕВ, Алматы қаласы
Шынымен де, аталмыш ойынды түнімен күткен жанкүйерлерге обал. Ал кеше Қазақстан футбол федерациясы бұл ойын туралы «№1765 келісімшарт бойынша аталмыш матчты «Хабар» агенттігі арқылы Қазақстан жерінде көрсету үшін ҚФФ транцляцияның құнын төлеп қойған. Енді біз бұл жөнінде «Хабар» агенттігінің жауап беруін күтеміз» деген ақпарат таратты. ҚФФ-ның бұл жауабынан кейін іле-шала «Хабар» телеарнасының бағдарламалар бөліміне хабарласқанбыз. «Австриядан ешқандай (сигнал) болмады. Бұған телеарнаның кінәсі жоқ. Дегенмен ойынның қайталауын бүгін, яғни 8 тамызда көрсетеміз», – деп жауап берді телефон тұтқасының арғы жағындағы қызметкерлердің бірі.
Әлбетте, қай тарап жауапты болса да, жанкүйерлердің тәтті ұйқысын ұрлағаны дұрыс болмады. Ал ойынның қорытындысын білетін футболсүйер қауым матчтың қайталап көрсеткенін қажетсінеді деп әсте ойламаймыз.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: