Неге «Қайраттың» ойындарының жарнамасы нашар?

   0 222

«Қайрат» футбол клубының өз алаңында өткізетін ойындарының жарнамасы (анонсы) тым нашар. Кейде тіпті кейбір ойындардың өтіп кеткенін де білмей қалып, бармағымызды тіс­­­теп жатамыз. Клуб басшылары немесе қызметкерлерінен осы мәселені біліп берсеңіздер екен.

Баймұрат Жанпейіс,
Алматы қаласы



Сіздің сұрағыңызға «Қайрат» клубының веб-сай­тын жүргізушісі, әкімшілік қызметкері Михаил Мар­кин жа­уап береді:

– Шыны керек, жыл басынан бері алдағы ойын­дар­ды лайықты деңгейде жарнамалауға жағдайымыз бол­мады. Біріншіден, қаржы жағы­нан қысылып, то­ны­мыз келте, қолымыз қысқа бол­ды. Екіншіден, қар­жы тапшылығына бай­ла­ныс­ты өрбіген клуб ішіндегі ауыр «атмосфера» әсер етпей қалған жоқ. Оған тіпті мұр­ша да болмады. Енді жағдайымыз түзеле бастады. Ақ­ша да түсті. Тек бұл мәселені келесі жылдан бастап, жақсылап қолға алмақпыз. Себебі биыл өз ала­ңы­мыз­да төрт-ақ ойын өткіземіз. Маусым болса, аяқ­та­луға жақын. Оның үстіне, биыл «Динамо» стадионында ой­нап жүрміз. Орталық стадионға үйреніп қалған жан­күйерлер үшін аздап қолай­сыздау. Ал келесі жылы қай­тадан Орталық ста­дионға ойысамыз. Сонда бәрі де ойдағыдай болады.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:00
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15