Қызылорда облысының Қармақшы ауданында мұнай қалдықтарын өңдейтін өндіріс орны ашылады. Аймақта «қара алтынның» өндіріліп жатқанына қаншама жылдың жүзі болса да, бұрын-соңды мұндай мәселеге мән берілмей келген еді.
Жобаның құны 300 млн теңгеге жуық. Өндіріс орны ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізеді. Жылына 25 мың тоннаны құрайтын шикізат өңделеді. Бұл игі іс еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасы бойынша Сыр өңірінде қолға алынған инвестициялық жобаның бірі болып табылады.
Осы күнге дейін бұл жердегі өндіруші кәсіпорын мұнай қалдықтарын арзан бағамен кәсіпкерлер мен өндіріс орындарына сатып келген. Дегенмен ол өте тиімсіз еді. Ал ауданда үш жыл бұрын ашылған терминалда мұнай компанияларының вагон-цистерналарының іші-сыртын тазартатын. Олар ыстық бумен де кептірілді. Енді мұнай аралас лас судан қайта өңдеу арқылы дизельдік отын, 76-ыншы маркалы бензин және мазут секілді мұнай өнімдері алынатын болады.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі вагон жуу стансысында мұнай қалдықтарын ысырапсыз өңдейтін қондырғы дайын тұр. Ол жақын уақытта елдің кәдесіне жарайды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Серік Сермағанбетовтің айтуынша, бұл жоба экологиялық проблеманы шешуге де оң әсерін тигізетін болады. Биылғы жылы облыста барлығы 11 инвестициялық жоба жүзеге асады деп күтілуде.
Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: