Ақылбай - поэма жанрының қас шебері

   0 573

Адамзаттың Абайының «ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деуі – айналасына талапты, өнерлі жастарды жинап, өнерге баулуынан туған ұлағатты қағида. Өлең-сөзге бейім өрендерді сілкілеп сынау арқылы, ұстаз оларды тезге салды. Ақындықтың қыр-сырын меңгертті. Терең де ойлы өлең құрауға машықтады. Осылайша «Абайдың әдеби мектебін» қалыптастырды. Ұлы ақынның кіндігінен тараған балаларының ақындыққа жақын болуы – әкесінің әнге әуес, күйге құмар болуымен қатар, қанмен дарыған тек пен тәлім бұлағының жемісі. Биыл 150 жыл толып отырған тұла бойы тұңғышы Ақылбай – әдебиет әлеміндегі талайды шаң қаптырарлық қауқары бар, нағыз ақын.

Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным ба­ла­сы болмаған соң, Абайдың 16 жасында көр­ген тұңғышы Ақылбайды бауырына басып алады. Сол себепті ол әкесіне інісін­дей болып, шолжаң, ерке өседі. Абайдың дұшпандары Құнанбайдың «мырзасы» ата­нып кеткен ұлымен арасын ашпақ ниетте болады. Бір іске көңіл қойып, бел шеше кірісер болса, Ақылбай аса қабілетті жас. Бірақ жастайынан еркін кеткен бала­сы­ның бұл мінезіне кейіген Абай «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін жазған соң, Ақылбай сабасына түскен екен. Әкесінің ой салған өлеңі мұнан кейін Ақылбайды ақындыққа жетелейді.

Ақылбай Құнанбай ауылының мол­да­сы­нан ескіше оқып, хат танығаны болмаса, ұзақ уақыт оқымаған. Негізгі сусындаған да­риясы – Абай берген үлгі-өнеге мен орыс әдебиеті.

Абайдың ақын шәкірттерін тұңғыш зерт­теуді бастаған Мұхтар Омарханұлы «Абай шәкірттері туралы» мақаласында шә­кірттерін айта келе, шәкірттерінде Абай­дың стилі бар екендігін айтады: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын ала есте тұтатын бір жайды ескере кету керек. Ол – осы шә­кірт ақындардың еңбек үлгілерінен және айқындап көріне түсетін, Абайдың өзінің ерекшелігі болады».

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғы­лы­мының докторы, профессор:

– Ақылбай – Абайдай кемеңгер ақын­­ның тұңғышы ғана емес, талантты шә­кірті, ұстазының тапсырмасымен тау ха­лық­тарының өмірінен және Аф­ри­ка­дағы зұлыстар жайлы оқиғалы дас­тан­дар жазып, қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан көрнекті ақындығымен қоса, бір­неше музыкалық аспаптарда ой­наған өнерпаз, күйші, әндері халық ара­сына тараған әнші, композитор. Та­би­ғатынан дарынды, бірақ құлшынысы сол­ғын, көңілі жүйрік болғанмен, қыл­ған ісі марғау Ақылбайды қамшылап, та­лантты да, талапты шәкірттерінің қа­тарына қосып, біз білген дәрежеге жет­кізген – әке Абайдың, ұстаз Абайдың қам­қор қарекеті.

Ақылбайды ақын ретінде танытқан – оның поэмалары. Ақынның үш поэмасы: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіп), «Зұлыс», «Жаррах батырдың» соңғысы бізге жетпеген.

«Дағыстан» – Абайдың ақын шәкірт­те­рі­не өзі ұсынған тақырыбы. Поэманы бә­рінен бұрын жазып бітірген Ақылбайдың поэ­масы Абайдың да, өзге шәкірттердің де көңілінен шығады. Әуезовтен кейін Абай­дың ақын шәкірттерін зерттеген белгілі абай­танушы ғалым Қайым Мұхамедханов «Абай­дың ақын шәкірттері» атты еңбегінде Ақыл­байдың ақындық қарымына мынадай баға береді:

«Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай за­манының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әде­биет, өнер, білім, адамгершілік, мә­де­ниет жайын­дағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақыл­бай Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең тү­сініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лер­монтов Ақылбайдың сүйікті ақындары бо­лады. Осындай ұлы ақындарды оқып, үлгі алған Ақылбай қазақ әдебиетінде тұң­ғыш Кавказды жырлаған ақын».

Ақылбай ағылшын жазушысы Хаг­гард­тың даңқын асырған «Сүлеймен патшаның қа­зынасы» («Копи царя Соломона») атты ро­маны желісінде «Зұлыс» поэмасын жа­зып шығады. Бұдан біз Ақылбайдың тек орыс емес, әлем әдебиетіне де қызы­ғу­шылығы болғандығын аңғарамыз. Поэма жа­зу біреулер үшін жеңіл көрінгенімен, өлең­мен роман жазу оңай шаруа емес. Сю­жет­тер желісіндегі әсерлілік пен кейіпкерлер образын суреттеудегі көр­кем­дік Ақылбайды шын мәніндегі поэма жанрының қас шебері еткені анық. Әде­биет­ші Қ.Мұхамедханов Ақылбай бұл поэ­маны толық аяқтағандығын айтқан. Де­генмен бізге түгелдей жетпегендіктен, дас­тан­ның толық нұсқасымен таныс емеспіз.



Түйін

«Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас не­гіз­ге», – деп Бұхар жырау жырлағандай, қалыбына тартып туған Ақылбай әкесі Абай берген тәлім суатынан сусындап, арлы азамат қана емес, арқалы ақын бо­лып та қалыптасқандығына – оның шығармалары дәлел. Өзіндік қол­таң­ба­сымен қазақ әдебиетінде есімі қалған Ақылбай Абайұлы поэма жанры­ның жүйрігі екені аян.


Автор: Жадыра Жұмакүлбай

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

14 қыркүйек 2011, 12:18
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

18 мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
 12345678910111213141516171819202122232425262728293031   

Бағамдар

Валюта бағамы 18.05.2012
USD/KZT 147.72
EUR/KZT 187.46
RUB/KZT 4.71

Ауа райы

Болжам 19.05.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +18...+16 +9...+7
Алматы +23...+21 +21...+19
Павлодар +14...+12 +7...+5