«Қазақмыс» корпорациясына қарасты Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік улы қалдықтары тұнған шайынды сулары төрт тәулік бойы Балқаш көліне құйылды.
Өткен аптаның соңында мыс зауытының жөндеуші-дәнекерлеушілері өндірістік-шайынды суларды ағызу жолдарын жамау кезінде темір-бетон құбырдың тесілуі салдарынан күл-қалдықтарды сақтау қоймасын су алып кеткен.
Апатты жағдайды болдырмау мақсатында зауыт басшылығы су сору стансысының жұмысын тоқтатуға шешім қабылдап, өндірістік шайынды суларды Балқаш жылу-электр орталығының ағытпа арнасы арқылы көлге тікелей жіберуге мәжбүр болған. Зауыт басшылығы «мұндай шешім қабылдамасақ, құбырларды бітеу мүмкін болмас еді» деседі. Құбырды жамаған бетон толық бекуі үшін шайынды суларды сору стансысының жұмысы сол өткен апта соңынан төрт тәулік бойы тоқтатылып, кеше ғана іске қосылған. Бұл аралықта Балқаш қаласының шығысындағы бау-бақшалар тұсынан көлге құйылған шайынды су көл айдынына еркін таралған. Қазір аталмыш оқиға бойынша Қарағанды облысының Нұра-Сарысу экологиялық департаментінің мамандары тексерістер жүргізуде. Экологтар көлдің ластанған айдынынан, теңіз табанынан алынған шөгінділерді сараптамадан өткізіп болған соң, сынамалар қорытындылары бойынша жергілікті құқық қорғау орындары тиісінше іс қозғамақшы.
Ал Балқаш көліне зиянды өндірістік шайынды сулардың жиі төгілетіні, Балқаш қаласындағы канализациялық және өндіріс ошақтарындағы су сору стансыларының апатты жағдайы туралы осыдан тура бір ай бұрын «Алаш айнасының» №96 санында «Шайынды су Балқашты шайып кетпесін» деген тақырыппен мәселе көтеріп, жазған болатынбыз. Жаман айтпай, жақсы жоқ, көлді ластау, сол арқылы тұрғындар денсаулығына залал келтіру оқиғасы Балқашта соңғы жылдары жиі қайталанып келеді. Бұл оқиғаның да осы қатардағы орайсыз оқиғалардың бірі екені анық.
Маруа ИБРАЕВА, Нұра-Сарысу экология департаментінің жиынтық талдау жұмыстары және құқықтық қызмет бөлімінің бас маманы:
– Жалпы, мұндай оқиғалардың қаншалықты жиі қайталанатыны туралы нақты ақпарат айта алмаймыз. Ал қазір осы оқиға болғаннан бастап, біздің мамандар, Балқаштағы экологиялық комитет мамандары тексерістер жүргізіп жатыр. Негізгі тексерістердің қорытындысы 20 күн ішінде дайын болады. Нақты жағдайларды тек сол кезде ғана айта аламыз.
Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: