Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Мұнай-газ министрлігі биылғы жоспарды орындай алмайды

   0 83

Кеше отандық экономиканың «қозғаушы күші» – мұнай саласына жауапты Қазақстанның Мұнай және газ министрлігі кезекті алқа мәжілісін өткізді. Бір құпия бардай, биылғы отырыс кеңейтілген құрамда емес, шағын ғана алқаның аясында өтті. Оған Үкімет басшысының орынбасарлары да қатысқан жоқ. Ал бұқаралық ақпарат құралдары арнайы тізім бойынша шақырылған екен. Бұл тізімде министрлік орыстілді журналистерге көбірек орын бөліпті. Осыны және алқа мәжілісінің бас-аяғы орысша өткендігін ескерсек, министр мырзаның туған тіліне деген көзқарасын осыдан-ақ байқауға болады. Біз болсақ, бұл алқа мәжілісіне қатысты ақпаратты жан-жақтан теріп, аударып, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сондықтан қандай да бір қателіктер кетсе, мемлекеттік тілге атүсті қарап отырған министрлік өзінен көрсін дегіміз келеді.


БЭК аясында шек болуы шарт

Сонымен, Сауат Мыңбаев мырза не дей­ді? Оның айтуынша, биыл Қазақстан мұнай-газ өндіру саласындағы жоспарды орындай алмайды. Себебі кейбір кәсіп­орындарда өндіріс көрсеткіштерінің тежелуі байқалады. «Иә, жоспар 83 млн тонна көлемінде бекітілген еді. Бірақ биыл бұл көрсеткіш сәл төмен болады деген болжам бар. Себебі кейбір кәсіпорындарда өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Мәселен, «ӨзенМұнайГаздың» көрсеткіші 19 пайыз­ға төмендесе, электр энергия желілерінде бол­ған апаттық жағдайға байланысты «Те­ңізШевройл» компаниясы желтоқсанда өз өндірісін баяулатқан болатын», – дейді ол. Содан болар, былтыр отандық мұнай өнім­дерінің экспортына қойылған шектеу ағым­дағы жылдың аяғына дейін жалға­сады. Ол шектеуді өткен жылғы жанар-жа­ғар­май саласындағы тапшылықтан кейін ел Үкіметі енгізген еді. Дегенмен бұл шектеу де осы саладағы мәселелерді шеше ал­майтын сияқты. Себебі биылдан бастап Бір­ың­ғай экономикалық кеңістік іске қо­сыл­ды. Енді оның аясында көрші Ресей Феде­рациясымен арадағы жанар-жағар­майдың тиімді баға айырмашылығын барынша сақтап қалу қажет. Олай болмаса, Қазақстан қайтадан «тапшылыққа» тап бол­мақ. Министр мырза хабарлағандай, Ре­сеймен арадағы бағаның тепе-теңдігін сақ­тап қалуы үшін мұнай өнімдерінің ай­лық кестесі әзірленіп, мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілетін импорттық шикізаттың көлемі жіті бақылауға алынатын болады.

Газ өндірісі де төмендейді

Стратегиялық жоспарға сәйкес, биыл Қазақстанда 42 млрд текше метр шикі газ өндірілуі тиіс. Бірақ оның да нақты деңгейі төмен болады. Себебі «ТеңізШевройл» ком­паниясына қарасты «Королевская» газ кенінде өндіріс көлемі азайып, «Толқын» газ кенін су басты. «Қызылой» кені мен «Жа­йықМұнай» кәсіпорнында да шешілме­ген мәселе көп. Оған қоса, Қазақстан ар­қылы Ресейге тасымалданатын өзбек газы­ның көлемі төмендеді. Ал елдің ішкі нары­ғында газға деген сұраныс өсіп келеді. Был­тыр қазақстандықтардың газ тұтыну көлемі 13 пайызға өссе, биыл бұл көр­сеткіш 18 пайызға дейін көтеріледі деген бол­жам бар. Бәлкім, өзбек газының тап­шы­лығын біз арқылы Қытайға баратын түрікмен газы толтырады. Былтырғы жылу маусымы барысында біз 283 млн текше метр түрікмен газын пайдалансақ, биыл оның 500 млн текше метрін тұтынатын түріміз бар. Мұнай-газ саласындағы компаниялар үнемдеген газдың пайдасы да тиіп қалатын шығар. Былтыр олардың газды ысырап ету көрсеткіші 10 пайызға тө­мен­деген. Осының арқасында 1,2 млрд тек­ше метр газ үнемделді. Өткен жылы газды тиімді пайдаланудың арнайы бағдар­ла­масын орындамаған үш-ақ компания бар екен. Олар – «ҚазМұнайГаз. Барлау жә­не өндіру», «ҚазақОйл – Ақтөбе» ЖШС және «Бозашы оперейтинг ЛТД».

С.Мыңбаевтың сөзіне сенсек, министрлік Қазақстанның барлық аймақтарын сұйы­тылған газбен қамтамасыз ете алады. Ол жұмыс басталып та кеткен көрінеді. «Бұл жерде бір-ақ мәселені ескеру қажет. Бүгінде сұйытылған газды өндіру саласында «ТеңізШевройл» компаниясының үлесі 61 пайызды құрап отыр. Себебі тек осы кәсіп­орын ғана пропан мен бутанның таза өнімін шығара алады. Басқалар болса, про­пан-бутан қоспасын өндіреді. Қатты аязда бутан тұнба болып, отырып қалады. Сондықтан солтүстік өңірлер тек таза пропанды, яғни «ТеңізШевройл» компаниясы­ның өнімін ғана пайдалана алады», – дейді С.Мыңбаев. Министр атап көрсеткендей, ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтама­сыз ету бойынша «ТеңізШевройлмен» өз­ара келісім бар. «Бірақ ол компания шыға­ратын газдың бағасын бір деңгейде бекіту мүмкін болмады. Сондықтан осы саладағы шекті бағаға аса сақ болу қажет. Әйтпесе біз бұл салада да тапшылық мәселесіне тап боламыз», – дейді С.Мыңбаев.

«Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысы басталады

Мұнай және газ министрінің биылғы жоспарында Қарашығанақ жобасының орны бөлек. Ағымдағы жылы маусымның 30-ына дейін осы жоба бойынша барлық іс-шараларды атқарып шығу қажет. Әйт­пе­се «ҚазМұнайГаз» компаниясы атал­ған кент­те Қазақстанға тиесілі өнімнің 10 па­йы­зын ала алмайды. Министр С.Мың­баев­тың мәліметі бойынша, Қарашығанақ жо­ба­сы басталғалы бері одан түскен та­быс­тың көлемі 37 млрд долларды құрады. Шығын – 17 млрд доллар. Оны алып тас­та­ғанда, таза пайда 20 млрд долларға тең болды. Оның 13,1 млрд доллары Қазақ­станға тиесілі.

Жолдау аясында министрдің мойнына жүктелген төрт ірі жобаның болашағы да белгілі болды. Оның біріншісі – Атырау мұ­най зауытында шикізатты тереңдей өңдеу кешені құрылысын биыл мамыр-маусым айларында бастау жоспарланып отыр. Бү­гінде осы жобаға қатысты жақын жердегі елді мекендерді басқа жерге көшіру сияқты жұмыстар қалған. Оған қаражат қажет. Сондықтан аталған жо­баның атқару мерзімі республикалық бюджет комиссия­сы шешіміне байланысты болмақ. Екінші жоба – Атырау облысындағы газ-химия ке­ше­ніне қажетті инфрақұрылым. Бүгінде оған техноло­гиялық құрылғы­лар­ды орнату үшін тек мемлекеттік сараптама ғана жетіспей тұр. Қарашығанақ газ өңдеу зауыты – министрлікке жүктелген үшінші жо­ба. Оның жобалау құжаттарын рәсім­деу жұ­мысы келесі жылға дейін баруы мүмкін. Се­бебі бүгінде Қарашығанақ кен орнын дамыту бойынша тиісті жоспар әлі де бекі­тілмеген.

Ал «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбы­ры бойынша бүгінде техникалық-экономи­калық негіздеме және мемлекеттік сарапта­ма­ның шешімі бар екен. «Бұл – аса қымбат жоба. Сондықтан ол бюджеттің есебінен қаржыландырылуы тиіс. Әйтпесе солтүстік өңірлер үшін газ­дың бағасы тым қымбат болып кетеді. Меніңше, ағымдағы жылдың үшінші тоқ­санында біз жобалау құжаттарын әзірлеп қоя аламыз. Осыдан кейін негізгі құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, ағ­ым­дағы жылдың төртінші тоқсанында тиіс­ті жұмыстарды бастауға болады», – дейді С.Мыңбаев. Министрдің айтуынша, «То­был-Көкшетау-Астана» газ құбыры ар­қы­лы әзірше Қостанай облысымен өтетін Ре­сей газы тасымалданатын болады.

Автор: Арман АСҚАР

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

3 ақпан 2012, 10:15
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

18 мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
 12345678910111213141516171819202122232425262728293031   

Бағамдар

Валюта бағамы 18.05.2012
USD/KZT 147.72
EUR/KZT 187.46
RUB/KZT 4.71

Ауа райы

Болжам 19.05.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +18...+16 +9...+7
Алматы +23...+21 +21...+19
Павлодар +14...+12 +7...+5