
Кім бұрын келді?
Жолдауға ерте келген депутаттардың бірі Нұрғали Әшім болды. Баяғы қоршаған ортаны қорғау министрі. Ерте келгенін қайтейік, депутаттық төсбелгісін ұмытып кетіпті. Тура Парламентке келгенде ғана есіне түсті. Соған қарағанда, министрліктің креслосын қимай жүрген тәрізді. Әйтпесе бұл төсбелгіге қолы жетпей жүргендер қаншама! Сондықтан оған қолы жеткендер V шақырылымның ашылуында-ақ ант қабылдай сала, залдан шыға кеудесіне жарқыратып тағып алды.
Депутаттық төсбелгі және партияға адалдық
Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков: «Мен үшін депутаттық төсбелгіні омырауыма тағу – үлкен бедел, зор абырой. Өйткені бұл – халықтың алдындағы жауапкершіліктің өскені. Мен партиялық төсбелгіні депутаттыққа айырбастаған жоқпын, екеуі қатар жүреді. Тек қызыл төсбелгі (партиялық төсбелгі) менің жүрегімде болады», – деп сессияның ашылуында көкірегін ерекше шабыт кернеп, мақтан тұта сөйлегені бәріміздің есімізде қалып еді. Бұл жолы Жамбыл Ахметбековтің де, ҚХКП төрағасы Владислав Косаревтің де, өзге коммунистердің де омырауынан депутаттық төсбелгімен қатар тұрған жұлдызшаны көрмедік. Соған қарағанда, коммунистеріміз қызыл төсбелгілерін жүректерінің «тұңғиығына» жіберген тәрізді.
Ал «ақжолдықтардың» жөні мүлде бөлек болды. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев депутаттық төсбелгісінің төменгі жағына партиясының да төсбелгісін тағып алыпты. «Ақжолдықтар» партиясына берілгендіктерін осылай дәлелдегісі келгендей көрінді бізге.
Парламент қойнауында адаспас үшін ағалардың болғаны қандай жақсы!
Ауған соғысының ардагері, депутаттық мандатты алғаш рет қолына ұстап тұрған Бақытбек Смағұл «Парламенттің ішінен адасып қалмайын» деп, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев пен республикалық гвардияның бұрынғы қолбасшысы Абай Тасболатовтың қыр соңынан қалмай, асығып бара жатты...
Алтыншаш апайымыз келіпті, ал ЖСДП көрінбеді...
«Руханият» партиясын орта жолда сүріндіріп, аяқтан шалған Алтыншаш Жағанова апайымыз да шашын «алтындатып», Жолдауды тыңдауға келіпті. Оның есесіне өзге партиялардың мүшелері көзге шалынбады. «Азаттың», ЖСДП-ның, «Әділет» партиясының өкілдерін Парламенттен байқамадық...
Қосақтасып-қолтықтасып келгендер де болды. Мәселен, Маңғыстау облысының әкімі, экс-депутат Бауыржан Мұхамеджанов бұрынғы әріптесі Ерлан Нығматуллинді «қолтықтап» кірді. Мұнайдың «майын ішіп жүрген» мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен Тимур Құлыбаев бірге келді.
Қызық болғанда, бұрынғы Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаровтың соңынан креслосына жайғасқан Рашид Түсіпбеков ілесе келсе, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің артынан оған орнын «ұсынған» Орал Мұхамеджанов кірді.
Міне, Жолдауға бара жатып, жолай аңғарғандарымыз осы болды.
Автор: Салтан СӘКЕН
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Возрождение аралы қашан қорғауға алынады?
- Саяси бюро: Елбасы тапсырған жобалардың іс-шаралар жоспары дайын болды
- Қоғам: Оралмандар ақшасына погон таққандар да ауыз сала бастады
- Нарық: Халықтық iро – халық игілігі
- Өркениет: Мұхаммед Хайдар Дулатидің ізімен
- Дат!: Ұлттық тәрбие төңірегінде кафедра емес, ғылыми-зерттеу институтын ашатын кез келді
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -12...-10 | -23...-21 | |
| Алматы | -6...-4 | -8...-6 | |
| Павлодар | -18...-16 | -24...-22 |






Мақалаға қатысты пікірлер: