Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Барын Ресей асырып, қарақұмықсыз қалдық

   0 430

Шығыста қарақұмық бірден екі есеге қымбаттады. Дүкен сөрелерінде оның құны осыған дейін 75 теңге болса, қазір келісін 130 теңгеден сатып аласыз. Мұндай тосын жағдай осыдан 14 жыл бұрын тіркеліпті. Бұл – Өскемендегі өзгеріс.



Семейдегі жағдай да оңып тұрған жоқ. Қалада қарақұмық тапшылығы туындамаса да, оның бір келісі орташа бағамен алсақ, 130 теңгеден 200 теңгеге дейін жетіп жығылады. 220 теңгелігін де кездестіріп қалсаңыз таңғалмаңыз.

Ал қаладағы статистика басқармасы берген мәліметке сай, тамыз айында қарақұмық бағасы 1,7 пайызға қым­бат­таған. Бұл дегеніміз – шілдеде дақыл­дың келісі 118 теңге болса, тамызда 120-ға жетіп, 2 теңгеге ғана қымбат­тағанын білдірсе керек.

Кәсіпкерлік бөліміндегілер де қа­рақұмық бағасын барынша бақылауда ұстап отырғандарын жеткізді. Статистика басқармасындағы мамандар қара­құмықтың қымбаттауын қордың таусылуға жақын қалғандығымен байланысты болуы ықтимал деген пікірде. Жиын-терім аяқталғасын баға бұрынғы қалпына түсуі мүмкін.

Жағдайды көзбен көру үшін кейбір дүкендерге бас сұғып, қарақұмықтың бағасын біліп шықтық. Өкініштісі сол – кейбір дүкен сөрелерінде келілеп сататын қарақұмық атымен жоқ.

Қарақұмықтың қымбаттауы тұтыну­шылардың қалтасын қағып жатса, баз бі­реулер шаш етектен пайдаға кенелуде. Өйткені олар біздің елден шығатын осы дақылдың 90 пайызын шетелге экспорт­тайды. Бағаны аспандатып жіберген де көршілес елдердегі қарақұмық­тың тапшы­лығы болып отыр. Сондықтан өндірушілер өткен жылдың қорын шетел ұсынған қымбат бағаға сатып жатқан көрінеді.

Жалпы, былтырғы жылы шығысқазақ­стандық диқандар 42 мың тонна қара­құмық жинапты. Бұл көлем ішкі де, сырт­қы да сұранысты жабуға жеткілікті. Алайда қазақстандық өндірушілерге қара­құмықты Ресейге экспорттаған тиімді. Сон­дықтан оның бағасын тұрақтандыруға тек мемлекет ғана араласа алады.

Қалай десек те, жарма өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада бірінші орында тұр. Сондықтан бас пайданы ойлағаннан гөрі қара халықтың қалтасына да жанашырлық танытқанымыз жөн шығар.



Василий ЛЫСЯНСКИЙ, кәсіпкер:

– Ресейде былтыр қарақұм­ықтың өнімділігі мүлде төмен болды. Биыл да қуаңшылық болады деген болжам бар. Сондықтан ресейліктер бізден қарақұмықтың бір келісін 200 теңгеге сатып алады. Ал Украина болса, бізден арзанға алған осы дақылды өңдеп, Францияға сатады. Менің ойымша, Ресей мен Еуропа елдерінде қарақұмыққа деген сұраныстың күрт артуы оның Қазақстандағы бағасына әсер етсе керек. Өнімге деген сұраныс артты, ал оның бағасы шарықтап кетті.




Мария, тұтынушы (Семей қаласы):

– Қарақұмық қымбаттайды деп кім ойлаған? Бұл тағам дәруменге өте бай. Сондықтан күн сайын аз мөлшерде бір рет пайдаланса артықтық етпейді. Өскеменде екі есеге қымбаттады деп естіп жатырмыз. Сұмдық емес пе? Қарапайым халыққа қиын ғой. Мен зейнеткермін. Алатын ақшамды неге жеткіземін? Өзімізде шығатын өн­ім­дердің не үшін қымбаттап шы­ға келетінін түсінбеймін. Жаңа ға­на дүкенге барып, қарақұмықты сұ­расам, «келілеп сататыны жоқ» дей­ді. Ал арнайы өлшеп буылып сататыны онсыз да қымбат бола­тын, қазір 220- ға жетіпті. Құра­құмық алуға шығып, енді құр қай­тып барамын.


Автор: Әлем МӘДИ, Семей

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 12:16
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15