
Сырдың бас қаласында тұратын жұрт енді ет өнімдерінен тарықпайтын болды. Сырдария ауданының Жетікөл ауылынан төрт түлікті бордақылайтын кешен салу ісі қолға алынды.
Аталмыш орында жылына 1500-ге жуық уақ мал бордақыға байланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл орында 1000-ға жуық ірі қара мен жылқы күтімге алынып, облыс орталығы тұрғындарының ет өнімдеріне деген сұранысы қамтамасыз етіледі.
Мал бордақылау кешені соңғы үлгімен салынуда. Онда түлік түрлеріне қолайлы мал қора, жемшөп базасы, ветеринарлық бөлім болады. Оның құрылысы қараша айында іске қосылады деп күтілуде. Сол уақытта жергілікті жерде тұратын 30-ға жуық адам жұмыспен қамтылады.
Жоба облыстың индустрияландыру картасына енгізілген. Типтік жобадағы кешен кәдеге жарағаннан кейін бұл орында тәулігіне 2,5 мың тоннаға дейін өнім шығарылады. Игілікті іс аймақта ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жасалуда.
Сапар КӨЗЕЙБАЕВ, мал бордақылау кешенінің маманы:
– Біздің жұмысқа «Агросервис» мекемесі арқылы 120 млн теңге қаржы қаралған. Қазір жаңа техникалар алдық. Енді шөп шабатын комбайнды жеткізсек деген ойымыз бар.
Облыстың индустрияландыру картасына сәйкес, агроөнеркәсіп саласы бойынша 16 жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны 12 млн теңгеге жуықтайды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: