Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

«Бизнеспен таныстық» жастарды бизнеске баулиды

   0 355

Кеше Астанада еліміздің кәсіптік-техникалық мектептері мен колледждерінің студенттеріне арналған «Бизнеспен таныстық» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру барысының бірінші жылы қорытындыланды.



Бұл бағдарлама әу баста Халықаралық еңбек ұйымы арқылы жастардың, әсіресе кәсіптік-техникалық мектеп оқушыларының оқу бітірген cоң, жеке кәсіп көздерін ашуға байланысты білімдерін жетілдіріп, жұмыспен қамтылу ықтималдығын көтеру мақсатында әзірленген. Дәрістің өзі жақсы бизнес-идеяны табудан бастап, бизнес-жоспар жасау, кәсіп көзін ашу және дамытуға дейінгі түрлі мәселелерді еңсерудің жолдарын қарастырған тоғыз түрлі тақырыптық бағдардан тұрады. Осыны ескерген ҚР Білім және ғылым министрлігі былтырдан бастап «Шеврон» және «Бейкер Хьюз» компанияларының демеушілігімен «Бизнеспен таныстық» бағдарламасын біздің елімізде де жүзеге асыруға кіріскен болатын. Осы уақыт аралығында кәсіптік білім беретін мектептердің 642 мұғалімі аталған бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өтіп, өз оқушыларына кәсіпкерліктің заманауи әліппесін үйрету құқығын иеленіпті. Ал 33 мұғалім өзге мұғалімдерді оқыту құқығын беретін Халықаралық еңбек ұйымының сертификатын алыпты.



Ернар НҰРМАНОВ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары:

– Бұл жоба, негізі, 2004 жылы басталған. Бірақ тек өткен жылдың сәуір айынан бастап қана «Шеврон» мен «Бейкер Хьюз» компанияларының қолдауымен нақты іске асырыла бастады. Содан бері аталған жоба аясында барлық облыстар бойынша кәсіптік-техникалық мектептерде сабақ беретін 600-ден аса оқытушы арнайы курстан өтсе, соның 30-дан астамы халықаралық стандарттағы сертификат алды. Бұл оқытушылар енді осы «Бизнеспен таныстық» курсымен бүкіл республика бойынша кәсіптік-техникалық мектептердің шамамен 114 мың оқушысын, яғни 15 пайызын қамтиды.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 11:39
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15