Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Ипотекалық несие нарығы жанданып келеді

   0 840

Бұған Альянс Банкінің жаңа несиелік бағдарламасы себеп



Жылжымайтын мүлік нарығында баға едәуір тұрақтағаннан кейін, жұрттың көңілі тұрғын үй сатып алуға ауа бастады. Әрине, көбі баяғыдай ипотекадан үміт күтеді. Бірақ осы үмітін арқалап қайда барады, қай банкке жүгінеді?



Әр банктің ипотекалық несиелеу бағдарламасы әртүрлі. Осы орайда Альянс Банкі ұсына бастаған жаңа несиелеу бағдарламасы туралы айта кеткен жөн деп санаймыз. Себебі оның өзіндік артықшылықтары жетіп артылады.

Ең әуелі бұл несиенің тұрғын үй, пәтер алу мақсатында берілетінін есте ұстаған жөн.

Альянс Банкінің Бөлшек бизнес департаментінің директоры Айдос Жұмағұловтың айтуынша, қазіргі кезде ипотекалық несие нарығында оған тең келетін бағдарлама жоқ. «Альянс Банкінің ипотекалық несиелеу бағдарламасы кірісін толық, сондай-ақ жартылай растай алатын клиенттерге бағытталған. Оның ерекшелігі – бастапқы жарна үй бағасының 10 пайызын құрайды, яғни клиентке жылжымайтын мүліктің нарықтағы құнының 90 пайызына дейін несие беріледі деген сөз. Сонымен бірге, біз Альянс Банкі бөлімшелері орналасқан еліміздің барлық аймақтарында несиелеуді жүргіземіз», – дейді Айдос Жұмағұлов.

Одан өзге кірістерді жартылай растау және несиені бірлесіп алушыны тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Мәселен, клиенттің ең жақын туысы (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-әпкесі, іні-қарындасы деген сияқты) бірлесіп алушы бола алады, әрі оның зейнетке жету жасына шек қойылмайды.

Бағдарлама шарты бойынша, несиелеу мөлшерлемесінің жылдық пайызы 13 пайыз көлемінде белгіленген. Ол жылына екі рет – сәуір және қазан айларында қайта қаралады. Сөйтіп ҚР Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне тәуелді болмақ.

Әлбетте, жұртшылықты ең алдымен несие мерзімі мен оның мөлшері қызықтыратыны сөзсіз. Бұл жағынан да Альянс Банкі ренжітпейді – ипотекалық несие 37 айдан 240 айға дейінгі мерзімге 1 100 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейінгі көлемде беріледі.

Кепілдікке сатып алынатын жылжымайтын мүлік қойылады. Ол міндетті түрде сақтандырылуы тиіс.

Қарызды рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі де үйреншікті. Оған әдеттегідей жеке куәлік, СТН (салық төлеуші нөмірі), ӘСК (әлеуметтік сәйкестендіру коды), үй кітабының көшірмесі, кірісті растайтын анықтама, зейнетақы қорының үзінді-көшірмесі және жылжымайтын мүлікке құқық иелігін растайтын құжаттар кіреді. Кей жағдайда қосымша құжаттар да сұратылуы мүмкін.

Несие рәсімделген кезде жаңа клиенттерден бастапқы жарна 30 пайыздан жоғары болса, қарыз сомасының 2 пайызы мөлшерінде, егер 10 пайыздан 30 пайызға дейінгі мөлшерде болса, онда қарыз сомасының 3 пайызы мөлшерінде бір реттік комиссия ұсталады. Ал банктің жалақы жобасының қатысушылары, банктің серіктестері болып келетін Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары, бюджеттік мекемелердің қызметкерлерінен қарыз сомасының 1 пайызы мөлшерінде бір реттік комиссия ұсталады.

Альянс Банкінен ипотекалық несие алушылар мойнындағы қарызын мерзімінен бұрын төлегісі келсе, оған да қолайлы жағдай жасалған. Қарыз берілген кезден бастап алты ай ішінде несиені мерзімінен бұрын толық, не болмаса бөліп төлеу жағдайында клиент негізгі қарызы сомасынан 1 пайызы көлемінде комиссиялық сыйақы төлейді. Ал заем берілген мерзімінен бастап арада алты ай өткеннен кейін толық немесе жеке мерзімінен бұрын төлем үшін комиссия алынбайды.

 «Альянс Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Белозерцеваның пікірінше, клиенттерге қойылатын орынды талаптар мен өнімнің тиімді шарттары арқасында, клиенттің өз үйін иелену мүмкіндігі енді қолжетімдірек болды.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 11:38
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15