Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Жол картасы кәсіпкерлердің жаңа толқынын туғызды

   0 307

2020 жылға дейін жоспарланған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша қолға алынуы тиіс сегіз бірдей бағдарламаның бесеуі Сауда және экономика министрлігімен келісіліп, жүзеге асырыла бастады. Қалған үш бағдарлама осы министрлікте талқыланып жатқан жайы бар.



Қарағандылық бизнес картасының басты нысандары саналатын «Карал Пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Фолти», «Дат-TS», «Ast Etalon Crown», «СибКазКабель зауыты» компанияларының салынуы өңір экономикасы ғана емес, тұтас еліміздің дамуына үлес салатын жобалар деп танылды. Қазіргі таңда «СибКазКабель» зауытының құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға Астана мен Мәскеудің құрылыс компаниялары бел шеше кірісуге дайын отыр. Зауыт толық іске қосылып, өнім шығара бастаған кезде отқа төзімді кабельдер Қазақстан нарығының 27 пайызын қамтамасыз етпекші. Оның сыртында, сым-кабель өнімдерін шығаруда ТМД кеңістігінде шетелдік өндірушілерге бірден-бір бәсекелес болады деп күтілуде. Қазір әу баста ресейлік «СибКабель» жабық акционерлік қоғамының өнімдерін өткізуші дилер ретінде танылған қарағандылық компания басшылығы жобаның таза өнім өндіруші зауытқа айналуы үшін атқарылатын шаруаларға 92 миллион теңге қаражат құйып отыр.

Төлеутай Рахымбеков, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

– Индустрияландыру картасы барлық республикалық, өңірлік индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығы болып табылады. Біздің міндетіміз – оларды уақытында жүзеге асыру. Бұл – мемлекеттік органдар жұмысының негізі бағыттарының бірі. Индустрияландыру картасы кәсіпкерлердің жаңа толқынын туғызуы тиіс. Осының бәрі, түптеп келгенде, аймақ экономикасының өсіміне алып келеді.



Керек Дәйек

Елді индустрияландыруға бағытталған «Жол картасы» бағдарламасына Қарағанды облысы жалпы сомасы 75,9 миллиард теңге тұратын 18 жоба ұсынып отыр. Олардың 10-ын жүзеге асыру биылғы жылдың үлесінде болса, ағымдағы жылдың алғашқы жартысында алтауы қолға алынды.

Республика бойынша қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы Ақтөбе облысынан кейін екінші орында келеді.



Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 11:45
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15