«Қазақтелеком» АҚ EV-DO технологиясы негізіндегі ауылдық жерлерге арналған ғаламтор желісінің кеңжолақты қатынау қызметінің тұсауын кесті. «30 корпоративтік көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып отырған серпінді жоба ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде таныстырылған болатын.
Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы ауылдар тоқырау жылдары еліміздегі көп елді мекенмен бірдей күй кешіп, күйреп қалған еді. Аудан орталығынан басқа жерлерде жүздеген ауыл бір телефонға телміріп отыратын. Оның өзінің сапасы мәз емес болды. Қаладағы студент пен ауылдағы пұшайман ата-ананың байланысуы қиынға соғатын. Ал бүгінде ауылдардың ахуалына тәубе деуге болады. Барлық әлеуметтік нысандар жұмыс істеп жатыр, халықтың екі қолына бір күрек табылған. Екі үйдің бірінде компьютер, тұрғындар ұялы байланыс пен ғаламторды пайдаланып отыр, оның үстіне, міне, сымсыз ғаламдық желінің сапасы жақсарып, мүмкіндігі артты. Интернеттің мұндай соңғы жетістігі ең алдымен ауыл халқының игілігіне жарап жатса, тамаша емес пе?!
Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:
– Кеңжолақты ғаламтор қызметіне қол жеткізетін қондырғылар алдымен Қостанай облысының үш ауданында орнатылып отыр. Мұның арқасында СDMA-450 стандарты бойынша байланысуға мүмкіндік туады. Мұндай ғаламдық желі қызметінің сапасы қалалық жерлердегі «Мегалайнның» сапасымен бірдей. Енді алдағы үш жыл ішінде еліміздегі барлық ауылдар осындай интернет қызметінің осы түрімен қамтамасыз етілетін болады.
Ғаламтор желісіне кеңжолақты қатынауды ұйымдастыру – СDMA-450 стандарты негізінде сымсыз байланыс желілерін жайып тармақтау жобасының екінші кезеңі. Бұл жоба орталықтан алыс ауылдық жерлердегі байланыс қызметіне деген сұранысты толық қанағаттандыратын болады. Сөйтіп, қала мен ауыл арасындағы ақпараттық теңсіздік жойылмақшы. Сымсыз байланыс енгізу жобасының бірінші кезеңінде республиканың барлық перспективалы ауылдық елді мекендері түгел телефон желісімен қамтамасыз етілді. 392 базалық стансы орнатылып, телефон байланысына 232 000 ауылдық абонент қосылған. Республика аумағының 60% астамы СDMA-450 желімен қамтылды. Биылғы сәуір айындағы мәліметке қарағанда, ауылда тұратын абоненттердің саны 1 миллион адамнан асты. Қазіргі уақытта ғаламдық желінің жылдамдығын ұлғайту үшін EV-DO стандарты әзірленген, ол ұялы желілердің үшінші буыны – СDMA 2000 негізінде іске асырылып жатыр. Бұл – жерүсті телекоммуникация арналарынан бөлек кеңжолақты қатынау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін қолданыстағы СDMA желілеріне қосымша салынған қондырғы. Ғаламдық желіге қатынаудың ең жоғарғы жылдамдығы 3 Мб/с-ке дейін, орташа жылдамдық – 600 Кбит/с үшінші буын байланыс стандарттарына сәйкес келеді. Ауылдық желіде сапалы, жоғары жылдамдықты ғаламторға цифрлық деректерді ықшамдаудың тың алгоритмдерін қолдану есебінен қол жеткізіледі. Қостанай облысында «Қазақтелекомның» қанатқақты жобасы Қостанай, Меңдіқара және Сарыкөл аудандарында іске асырылады.
Анықтама
СDMA (Code Division Multiple Access) стандарты цифрлық болып табылады. 450 МГц диапазонында жиілік белдеуін пайдаланады, арналарды кодпен бөлудің көпстансылы қатынау технологиясына ие. Ауылдық жердегі СDMA-450 базалық стансысының қамту аумағы 25-35 шақырымды құрайды. Осындай бір стансы 1000-ға дейінгі абонентке қызмет көрсете алады. Байланысты стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым СDMA сымсыз байланыс жабдығын үшінші буын желілерін құру үшін мейлінше перспективалы жабдық ретінде ұсынған.
Автор: Болатбек Мұхтаров
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: