Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

«Е» таңбалы өнімдердің халал екені анықталды

   0 382

Елімізде халал индустриясы жылдам қарқынмен дамып келеді. Әсіресе халықтың халал азық-түліктерге деген сұранысы жоғары. Дегенмен осы өнімдердің кейбір түрлеріне күмән келтірушілер көп. «Е» тобындағы халал өнімдерінің құрамында шошқа етінің қоспасы бар» деген сөз ел арасында жиі айтылып жүр.



Осы мәселені анықтау үшін жақында «Асар ЛТД» ЖШС мен стандарттау саласының маманы Бекжан Махметтегі бірлесіп, Қазақ тағамтану академиясына арнайы хат жолдады. Хат мәтінінде мамандар «Е» тобындағы тағамдардың нақты қай-қайсысының құрамында шошқа етінің бар екенін анықтап беруді сұраған. Нәтижесінде Қазақ тағамтану академиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ  Университетінің әріптестік орталықтарымен бірлесіп өз жауаптарын жазып, «Е» тобындағы тағамдардың ешқайсысында шошқа етінің қоспасы жоқ екенін айтқан. Демек, тұрғындардың «Е» таңбалы өнімдерді еш ойланбастан қолдана беруіне болады. Халал өнімдеріне деген халықтың түсінбеушілігі неден туындап отыр? Біріншіден, бізде халал өнімдерін тұтыну жолдары туралы көбіне дін жолындағы адамдар айтады. Ал оны пайдалану турлы мамандар, дәрігерлер сирек сөз етеді. Сондықтан халық бұл өнімдерді өз білгені, естігені бойынша ғана сатып алады. Яғни насихат төмен. Екіншіден, елімізде халал стандартының нормативтік-құқықтық базасы жоқ. №57 комитет бұл өнімдерді тек шошқа қоспасының бар-жоғына қарай анықтайды. Біз осы күнге дейін өзге елдердің стандарттарына сүйеніп жұмыс істеп келеміз. Бізде бұл саламен жұмыс істейтін мамандар жоқтың қасы. Б.Махметтегінің сөзіне қарағанда, қазір халал стандарты әзір тұр, тек оны жүзеге асыруға нұсқау ғана керек. Бүгінде еліміздің әр аймағында халал сауда орындары, халал асханалар көбейіп келеді. Бір өкініштісі, олардың сапасы халал болғанымен, орналасқан орны, сатушылардың бет-бейнесі адамның көңілін көншітпейді. Мұсылман елдерінде халал талапты тек өнімдерге ғана емес, сатушылардың өздеріне де қояды. Яғни сатушылар барлық жағынан таза болуы керек. Ал біздегі темекі шегіп алып жұмыс істейтін сатушыларды, халал дәретханасы жоқ дүкендерді көргенде, халал әлеміне деген сенім мен көзқарас бір сәтте өзгеріп сала береді. 

Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 12:08
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15