Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Тауар ал да, чек талап ет

   0 322

Таразда «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің жамбылдық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау акциясы өтіп жатыр. Акция «Тауар сатып ал да, чек талап ет» деп аталады. Аталмыш акцияның аясында әр сатып алушы 100 мың теңгеге тек жамбылдық тауарларды сатып алуы қажет.



Онда майда-шүйдеден бастап, тұрмысқа қажетті заттарға дейін бар. Әрі тұтынушының қолында кем дегенде 20 чек болуы керек. Акцияның артықшылығы: сол чектерді «Атамекеннің» жергілікті филиалына әкеліп тапсырған соң, жамбылдық компаниялардың өнімдерін тегін алуға 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі аралықтағы сомаға сертификат ала алады.

Латиф АЙДАРОВ, «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің жамбылдық филиалының директоры:

– Бұл акцияға 100-ден астам жамбылдық тауар өндірушілер қатысуда. Біздің мақсатымыз – отандық өнімдерді дәріптеу. Әрі облыс тұрғындарын Жамбыл өңірінде ғана өндірілетін тауарларды сатып алуға шақырудамыз. Бұл әрі жергілікті тауар өндірушілерді қолдау болар еді.


Кәсіпкерлерді қолдау мұнымен де шектелмейді. Таразда облыс бойынша «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқау-көрмесі өткізілді. Оған облыстың кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Аты айтып тұрғандай, көрменің басты мақсаты – үздік тауарды анықтау. Көрмеде облыс аумағында өндірілетін үздік тауарлар қойылды. Қазылар алқасына үздіктерді анықтау оңайға түскен жоқ. «Үздік азық-түлік өнімдері» аталымында «Мерке сыр зауыты» ЖШС 1-орын, «Ақ ниет» ЖШС 2-орын, «Тамақ» ЖШС-і 3-орынды иеленді. «Тұрғындарға арналған тауарлар» аталымында «Амангелдігаз» ЖШС, «Айвенго» ЖШС және «Айналайын» ҚБ үздік атанды. Үздік кәсіпорындар Астана қаласында биылғы жылдың қараша айында өткізілетін «Алтын сапа» республикалық байқауына қатысатын болады.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Тараз

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

3 қыркүйек 2010, 11:15
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15