Биыл Алматыда нан бағасы өспейді. Оған республиканы астықпен қамтамасыз етуші ірі құрылымдар арасында Елбасының нан бағасын қымбаттатпау туралы тапсырмасына сәйкес жасалған келісімшарты ықпал етпек.
Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Астық одағы» және «Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары одағы» басшылары Алматы қаласын астықпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойды. Меморандумның мақсаты – бірінші сортты нан бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, әрі халық қажеттілігін өтеу. Қазақстан облыстары мен ірі қалаларының ішінде алғаш боп оңтүстік астана әкімдігімен жасалып отырған келісімшарттың талаптары бойынша, жергілікті әкімдіктер өңірді нанмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарға белгіленген баға бойынша ұн жеткізетін астық өңдеуші операторларды белгілейді. Соған сәйкес, «ҚазАгро» АҚ өзінің еншілес компаниясы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы осы операторларды бекітілген баға бойынша биылғы жылғы қыркүйектің 1-і мен 2011 жылдың 1 қазанына дейін ай сайын кестеге сәйкес, астықпен қамтамасыз етіп отыруға сөз байласты. Алда-жалда Азық-түлік корпорациясының қорындағы астық әкімдіктердің тапсырыстарын қанағаттандыруға жетпейтіндей жағдай орын алса, операторларға қажетті астықты жеткізу міндеті «Астық одағына» жүктелмек. Осылайша құзырлы органдар дастарқандағы басты ас – нан бағасының негізсіз өсуін тежеуге бел байлап отыр. Енді еліміздің барлық өңірінде салмағы 600 г болатын бірінші сортты нанның бір бөлкесінің құны 57 теңгеден аспайды. Жалпы, республикадағы жылдық астық қажеттілігі 3,5 миллион тоннаны құраса, оның 250 мың тоннасы Алматы қаласына тиесілі көрінеді.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
– Бүгінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қорында 1,5 миллион тонна астық бар. Егер корпорация 180 доллардан тағы 2 миллион тонна астық сатып алса, ол бағаны тұрақты ұстап тұруға ғана емес, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге де жетеді. Ал жергілікті тауар өндірушілердің астықты әлемдік нарықтық бағаға сәйкес сатуына мүмкіндік бар.
Автор: Жансая Серғазықызы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: