Қарағанды аймағындағы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы кәсіпорындарында жұмыс істейтін кеншілер мен металлургтердің «Қорғау» және «Жақтау» атты кәсіподақ ұйымдары өндіріс ошақтары басшылығымен келісімге келіп, қыркүйек айының басынан бастап, инфляция өсіміне орай сараланған тарифтік жүйе бойынша, жалақыға қосымша 6,2% үстеме ақы алуға қол жеткізіп отыр.
Металлургтердің «Жақтау» кәсіподағы жақында акционерлік қоғам басшылығымен ортақ мәмілеге келе алса, «Қорғау» кәсіподағы бұл тарифтік өсімге дабыралы дау-дамай, сот отырыстары арқылы ие болған жайы бар. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір және темір өндірістерінде жұмыс істейтін азаматтар мен жұмыс беруші арасындағы жалақы жайлы әңгіме ерте бастан қозғалып келе жатқан, шешімі табылмай келе жатқан шаруа еді. Тамыз ортасынан бері мәмілелі отырыстар екі жаққа да тиімді шешімге әкелген тәрізді. Жұмыскерлерге берілуге тиісті 6,2 пайыздық үстеме 2009 жылы ел бойынша есептелінген инфляция деңгейіне қарата алынып отыр. Енді қыркүйек айының басынан бастап, ағымдағы жылдың қаңтарынан жыл соңына дейін жалақыға осы үстеме қосылып төленетін болады. Бұл, жобамен алғанда, әр жұмыскердің жалақысына 30-40 мың теңге қосылады деген сөз.
Кәсіподақтар мен жұмыс беруші арасындағы келісімнің бір парасы болашақтағы маңызды шаруаларға да қатысты болып отыр. Мәселен, жұмыс беруші мен кәсіподақ мүшелері арасындағы ұжымдық келісімшартқа қосымша келісім мәселесі туралы ашып жазылды. Ол бойынша келер жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы келіссөздер жүргізу алаңына бармастан-ақ, инфляция деңгейіне қарасты үстеме ақыны төлейтін болып отыр. Яки, жыл басынан бастап ел бойынша анықталатын ресми инфляция деңгейінің 50 пайыздық мөлшерінде үстеме бірден жалақыға қосыла бермекші. Ал қалған пайыздық үстеме жыл барысында компанияның әл-ауқатына, нарық жағдаяттарына байланысты қосылмақшы-мыс.
Виктор Щетинин, «Жақтау» кәсіподағы төрағасының орынбасары:
– Осынау қабылданған шешімдер бізді толығымен қанағаттандырады. Сараланған тарифтік үстеме ақы жұмыскерлерге бірден, ешбір түзеу-күзеу коэффициенттерінсіз төленетін болып келісілді. «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы басшылығының өкілі бүгін тиісті шарт бойынша бұйрыққа қол қойды...
Дерек пен дәйек
«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында өткен жартыжылдық бойынша орташа жалақы деңгейі 94117 теңгені құрады, акционерлік қоғамның Көмір департаментіндегі жалақы, яғни, шахтерлер жалақысы орташа есеппен 113830 теңге болды.
Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: