Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

«Эйр Астананың» рейтингі көтерілді

   0 307

Standard & Poor's халықаралық агенттігі «Эйр Астана» АҚ-тың GAMMA корпоративтік басқару рейтингін алты балға дейін көтерді. Былтыр бұл көрсеткіш 5+ деңгейде бағаланған.



S&P’s «Эйр Астана» АҚ берген рейтингі Қазақстанда ең жоғарғы болып табылады. Мұндай рейтингті тек акциялары халықаралық қор нарығында бағаланатын Қазақстанның мұнай шығаратын компанияларының бірі иеленген болатын. «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостердің айтуынша, 2009 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» АҚ рейтингінің жақсаруы әуе компаниясын басқару тиімділігін, оның тұрақты дамуын, ашықтығын және стейкхолдерлер алдындағы жауапкершілігін дәлелдейді. 2008-2009 жылдардағы ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарамастан «Эйр Астана» әуе компаниясы өз қаржылық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық жоспарға сәйкес дамып келеді. Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы әуе тасымалдаушыны әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан компания деп атағаны және Skytrax 2010 World Airline Awards жыл сайынғы жүлдесінде Шығыс Еуропаның үздік әуе компаниясының бірі болғандығы, қызметтер сапасынан қауіпсіздік стандарттарға дейін және тағы бірталай көрсеткіштер бойынша ТМД аумағында көшбасшы болған «Эйр Астана» қызметіне лайықты баға. «Эйр Астана» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мен ағылшынның BAE Systems компанияларының бірлескен компаниясы, акциялық үлесі тиісінше 51% және 49%. Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясының авиапаркі B767-300, В757-200, А321, А320, А319 және F50 ұшақтарынан тұрады. Келесі жылдан бастап әуе компаниясы «Эмбраер – 190» ұшақтарын операциялық лизингке алмақшы. Олардың екеуі Орта Азия және ТМД аумағында ішкі және аумақтық бағыттарға қатынайды. Орта мерзімді жоспарда «Эйр Астана» өз меншігіне ұшақтар сатып алады. Ұлттық тасымалдаушы «Эйрбас» жетекші ғаламдық ұшақ құру концернімен 2012 жылы жеткізіле бастайтын Airbus A320 алты авиалайнер сатып алу туралы келісімшарт жасады.



Анықтама

GAMMA рейтингі (governance, accountability, management metrics & analysis- корпоративтік басқаруды талдау және бағалау, есеп беру және менеджмент ағылшын сөздерінен шыққан аббревиатура) инвесторлар мүдделерін қорғау тұрғысынан нақтылы компания корпоративтік басқару практикасының артықшылықтар мен кемшіліктер жөніндегі Standard & Poor's пікірін білдіреді. Бағалау методологиясы корпоративтік басқарудың ең үздік практикасына қатысты принциптер мен кеңестерде және халықаралық кодекстерде негізделеді.


Автор: Болатбек Мұхтаров

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 11:36
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15