«Нысана»

   0 816

Қараңыз, қапы қалмаңыз!


Осы жексенбіде көретіндеріңіз!!!


ӘКІМДІ ҰЛЫҚТАУ

Әкімнің қызметін де дер кезінде дәріптеу керек. Белгілі академик Муфтах Дияров осындай ұсыныспен шықты. Ол Атырау қаласындағы жаңа көпірлердің біріне облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың есімін беруді ұсынды. Әкімнің өзі қарсы. Бірақ «айтылған сөз – атылған оқ». Халық әкімдерді де ұлықтауға дайын ба?


most_1most_4


ЖАҢА ОДАҚТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономист-сарапшылардың айтуынша, заң жүзінде күшіне енген Кеден одағынан түрлі тосын жаңалықты күтуге болады. Жақсы да, жағымсыз да. Тауарлар мен өнімдер бағасының өзгеретіні анық. Бірақ қай бағытта? Арзан әрі сапалы тауарлар көбейеді деген жорамал растала ма?


 


medved-nazarts_1


ТЕРЕҢ  БАТЫРАДЫ

Су құрбандарының қатары биыл да көп. Жыл басынан бері 1277 оқиға тіркелген. Соның ішінде 281 адам суға кетіп, қайтыс болды. Олардың отызы – жас бала. Алтыншы шілде күні Астана халқы қала күнін тойлап жатқан сәтте Есілге екі жастағы сәби құлап, көз жұмды. «Есіл-Астана» кәсіпорны басшылығының айтуынша, бала қараусыз қалған. Алайда ата-анасы оқиғаны басқаша түсіндіріп отыр.


kyz_1kyz_5


ӨЗТҮРІК КІМНІҢ ЕСІНДЕ?

Шығыс жекпе-жектеріне шектеу қойылып тұрған кезеңдерде, таэквондоны қазақ жеріне алып келген оғлан ұл жайлы қазіргі ұрпақ не біледі? Өз елінде жүріп, қапыда қайтыс болған Мұстафа Өзтүрік өзге топыраққа неге жерленді? Аз уақыттың ішінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, жоғары мәртебеге ие болған батыр жерлесіміздің армандары қандай еді? Осы сұрақтарға «Нысана» тілшілері де жауап іздеп көрді.


mustafa_4mustafa_2

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 шілде 2010, 17:09
Рейтинг: