
Қараңыз, қапы қалмаңыз!
Осы жексенбіде көретіндеріңіз!!!
Адам ұрлығы туралы жарыса жазатын америкалық басылымдарда Қазақстанның аты аталды. Флорида штатында өмір сүретін Дилярам Мұхамеджаханова өзінің көңілдесінен туған бес жасар қызын ұрлап, ізін суытқан. Айша Жасмин Уотсон есімді бүлдіршіннің суретін әлемдік ғаламтордан да көруге болады. Екі аптадан кейін ана мен бала табылды. Бүлдіршін әкесіне қайтарылды. Ана қамауға алынды. Құрама Штаттардың баспасөзі қазақстандық әйелдің іс-әрекеті туралы не жазуда? Қызын ұрлауға не түрткі болды? Мүмкін, Дилярамның өз шындығы бар шығар?


Өзбек-қазақ шекарасындағы қазақ ауылдарының проблемасы әлі шешілген жоқ. Арнасай ауылы қоршауда қалды. Өзбекстан шекарашылары бүкіл жолды жауып тастады. Сызықтан аттасаң – өзбек заңымен сотталасың. Біздің оңтүстіктегі көршілерге не болған? Бірі суды бөгеп, шантаж жасайды, екіншісі Қазақстан азаматтарын аттатпай отыр!


Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде тағы да «крандағы наразылық» акциясы өтті. Үш жұмысшы техниканың ұшар шыңына шығып, жалақы талап етті. Дәл осындай оқиға екі апта бұрын болған. Биікке шығып, талап қою бұл тиімді тәсіл ме, әлде амалсыздан жасалатын қадам ба? Наразылықтың бұл түрін кімнен үйренген?


Естір құлақ, көретін көз болса, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жандаусы жоғарғы жаққа жетер. Құлағы естімейтін һәм тілі жоқ адамдар 3-топтағы мүгедек санатында. Бірақ сол үшінші топ ұшпаққа шығармайды. Еш жерде жұмысқа алмайды. Жеңілдік жоқ. Жәрдемақы мардымсыз, 13 000 тг. Қазақстан мылқаулары қалай тіршілік етіп жүр?


- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: