
Қараңыз, қапы қалмаңыз!
Осы жексенбіде көретіндеріңіз!!!
БАЛА БАЙЛЫҚ КӨЗІ МЕ?
Тағдыр тәлкегі ме, әлде адамның қылмысынан болды ма? Оңтүстік Қазақстан облысында иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған сәбилердің өмірі көпшілікті алаңдатып жүр. Бақытсыздыққа ұшыраған балалардың алдында, сірә, қоғам да кінәлі. Таяуда сол бөбектердің бірі туралы суыт хабар шықты. Науқас баланы ата-анасы психоневрологиялық интернатқа тапсырып кеткен. Бірақ сол баланың ауруын алға тартып, мемлекеттен қомақты жәрдемақы мен мүлік, жер телімін алған. Ар алдында әркімнің өз шындығы бар. Алайда сәбиді келешекте не күтіп тұр?


ТҰҒЫРЫН ТАПҚАН ТҰЛҒАЛАР
Мүсіншілердің бұл монументтік-мүсіндік көркем композициясын баспасөз «еңселі ескерткіш» деп атауда. «Керей мен Жәнібек хандардың рухымен халық қайта қауышты» деп жазуда. Алайда ескерткіштің ашылуына ерекше ден қойылуының тағы бір негіздемесі бар. Дәл осындай еңселі ескерткіш өткен жылы бой түзеуі тиіс еді. Алғашқы нұсқа төңірегіндегі дауды ешкім ұмыта қойған жоқ. Ал тұғырға көтерілген жаңа ескерткіш ескі нұсқадан несімен ерекше? «Нысана» тілшілері мүсіншілер шеберханасында болып, авторлар қандай ырымдарға жүгінгенін бақылады.


ҮРДЕЛЕР КӨШІ
Мұсылмандар мазарын мазақ қылуға жол бермейміз. Қазақстан мұсылмандары одағы қорымды бұзуға қарсы. Алматы аумағындағы 32 бейіттің орнында қандай құрылыс жүргізілетіні белгісіз. Бірнеше мәйіт қазірдің өзінде басқа жерге жерленді. «Нысана» тілшілері қала әкімін сотқа тартуды мақсат еткен азаматтармен жолығып, істің анық-қанығына жетті.


ТӨЛ ЭКРАН
«Аватар» фильмінің екінші бөлімінде Пандора тұрғындары қазақша тілдесуі мүмкін бе? 2012 жылдан бастап қазақтілді көрермен кинотеатрда ана тілінде фильм тамашалау құрметіне ие болады. Алайда заң талап еткенімен, кинопрокат саласы мамандары бұл жаңалыққа қуанып отырған жоқ. Олар жаңалықты дер кезінде енгізбеуі де мүмкін. Өйткені олар фильмдерге дубляж жасау жүйесінің қалыптаспағанын алға тартуда. Шетелдік киноны қазақша сөйлету кімге тиімді? Мұны зиян көретіндер кімдер?


- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: