«Нысана»

   0 815

 


Қараңыз, қапы қалмаңыз!


Осы жексенбіде көретіндеріңіз!!!


ДОСТЫҚҚА ТҮСКЕН КӨЛЕҢКЕ

Түркия мен Қазақстан бауырмалдық пен ынтымақты паш етуде. Түрік Президенті атажұртта үш күн болып қайтты. Жан-жақты кездесулер мен құттықтаулар, марапаттаудан кейін Президенттің сапары Астанада Түркияның ауқымды елшілігінің ашылуымен аяқталды. Бірақ дәл осы шара жанжалмен аяқталды. Абдолла Гюль кортежі жақындаған сәтте елшілік қақпасы алдында аяқасты митинг басталды. Дипломатиялық орталықты салған мердігер компания құрылысшыларға ақша төлемей, табандарын жалтыратқан. Түркия Президенті алданған қазақ және түрік жұмысшыларына қандай уәде берді?


turok3turok5


РАҚЫМ КҮТКЕНДЕР

Қазақстанда жазғы амнистия жариялануы мүмкін бе? Мемлекет атынан жасалатын кезекті рақымшылықты Президенттің мерейтойына орайластыру туралы ұсыныс бар. Ол қабылданса, гуманизм қадамы кімге сеп болады? Түрмеден кімдер босап шығуы мүмкін? Атышулы істер бойынша жазасын өтеп жатқан VIP сотталғандар арасында кімнің бостандықтан үміті бар?


tyurma6tyurma2


СӘКЕН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Тарих алыстаған сайын шындықты табу қиындайды. Сәкен Сейфуллин туралы тағы бір аңыз бар. Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын 38 жылы атылмаған, екі жылдан кейін, айдауда көз жұмған деген. «Магадан түрмесінде Сәкенді көрдік» дегендердің әңгімесі шындыққа жанасқаны соншалықты, Тәуелсіздік алғаннан кейін елден ақынды іздеп, қиырға бір топ зерттеуші де барып қайтты. Іздеу жұмыстары немен аяқталған?


seyf_3seyf_1


МАКАРОН ПОЭЗИЯСЫ

Макарон қапшығындағы қара өлең. Петропавлда жергілікті ақын өлеңін өнімнің сыртына рұқсатсыз жариялап жіберген компаниямен соттасып жатыр. Авторлық құқығы бұзылған автор макарон өндірушілерден 290 миллион теңге айыппұл төлеуін сұрап отыр.


makorony2makorony3

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

29 мамыр 2010, 11:37
Рейтинг: