
1. Құрылыс алаңындағы қайғы. Сабаққа кеткен оқушылар үйге қайтып оралмады. Екі оқушы құрылыс шұңқырына жиналған суға батып, қаза тапты. Шағын шалшық сияқты көрінгенімен, терең құз болып шықты. Бір батып, бір шығып жатқан он бір жасар баланы көрген қыз құтқаруға ұмтылыпты. Бірақ екеуін де шұңқыр тартып кетті. Құрылыс неліктен ойын алаңына айналған? Күзет қайда қараған? Бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Алматылық құрылыс компаниясының өкілдері жауаптан қашып отыр.


2. Қырғыздың уақытша үкіметі Бәкиевті қылмыскер деп санайды, ал оны елінен аман алып шыққан ұшқыштар біз үшін – ұлттық батыр. Қазақстан Президенті Әскери әуе күштерінің аға инспекторы Игорь Бейлинді «Айбын» орденімен марапаттады. Оның басқаруымен көрші елге аттанған экипаж Қырғызстанның экс-президентін Жалал-абад қаласынан Таразға жеткізген. Президентті құтқару операциясы қалай жүзеге асты? Оның қыр-сырын ұшқыштардың өздері баяндайды.


3. Шаштараздардың мұнайшыларға көмегі. Мексика бұғазындағы мұнай кенішінде болған апат экологиялық проблемалар туындатып отыр. Deepwater Horizon платформасынан теңізге тараған мұнай Америка жағалауларына жетті. Экологтар мұхит суын тазартудың ең тиімді тәсілін тапты. Адам шашы мен жануардың түгі майды терең сіңіретін таптырмас сүзгі. Қазір әлем еріктілері шаштараз салондарынан шикізат жинауда. Мұхиттың жануарлар әлемін сақтауға бір уыс шашыңызды қияр ма едіңіз?


4. Жетімдерді жезөкшелікке кім жеккен? Теміртаудағы кәсіби лицей шәкірттері төңірегіндегі жанжал түрлі ойға жетелейді. Жетімдер үйінен тәрбиеленіп шыққан жасөспірім қыздар екі жыл қатарынан сабақ оқымаған. Прокурорлық тексеру барысында олардың жеңіл жүріспен ақша тапқаны анықталды. Оларды Астанаға әкеліп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.


- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: