
Өзім ауылда туып, ауылда өскен адам едім, мен үшін алысқа жолсапарға шығу өте қиынға соғады-ау деп қорықтым. Қызым Мәскеуде тұрады. Ал енді ұшаққа отыру мен үшін тіпті ауыр көрінетін. Пойызбен шыққанда төрт күн жүреді екен. Жолды көтере алмай, шайқалып, қажып қаламын ғой деп, не де болса Павлодардан Мәскеуге ұшақпен жол тарттым. Мәскеуге келіп жетіп, «Домодедово» әуежайындағы «Эми-грация» бөліміне бардым. Құжаттарды тексерген қазақ жігіті менімен қазақша сөйлесіп, шаруаларымды тез бітіріп берді.
Ендігі мақсат – өзім жолда жүрген соң, Мәскеудің үлкен мұсылман мешітіне барайын деп жоспар жасадым. Сөйтіп, көлікке отырып алып, үлкен мұсылман мешітіне келдім. Ондағы бір молда Семейдің жігіті екен. Оған мән-жайды айтып, «Бауырластар зиратына» алып бару үшін арнайы молда сұрап алдым. Сөйтіп, Мәскеуден әрі қарай 1000 шақырымға көлік жалдап алып, Рязань, Тула, Орлов облыстарын басып өттік. Ақыры Вяжмо деген ауылдағы «Бауырластар зиратына» келдім.
Әкем аппақ, бидай өңді, жылы жүзді, көз қарашығы қарақаттай, қыр мұрын, кең маңдайлы, өте сыпайы адам еді. 45 жасында өзі сұранып, әкелі-балалы екеуі бір күнде майданға бірге аттанып кеткен.
Вяжмо түбінде 700 жауынгер жерленген екен. «Бауырластар зиратын» әдемілеп жеке қоршап қойған, басында мәрмәрдан жасалған әйел адамның бейнесін ақ жамылып, бүркеніп, жоқтау айтып жылап, көзінен жерге дейін көк моншақ көздің жасын бейнелеп, тамшылатып қойған. Айнала – өсіріп қойған гүлдер, қарай берсең, көз тоймайтын жасыл көгал.
Отанын жаудан қорғау жолында мерт болған әкемнің мәңгілік табытқа оранғанын көзіммен көріп, зиратына Мәскеу мешітінен апарған молдаға дұға оқытып, тағзым еттім.
Енді Мәскеудегі балаларымның қасында біраз демалып, қайтып елге оралу керек. Атақты қызыл алаңда болып, Лениннің мавзолейін сырттан тамашалап, батырлардың мұражайында болып қайттым. Міндетті шаруа біткен соң, қонақтап жата беруді көтере алмай, аман-есен үйге жету керек деп шештім. Қызығы қайту сапарында болды. Керекуге ұшақ ұшпады, тек Омбы арқылы қайтадан «Домодедово» әуежайына ұшаққа билет алып келсек, «80-нен асқан сіздей кәрі адамды ұшаққа отырғызуға болмайды» дейді. «Енді мен келерде ұшақпен келдім ғой», – десем, «бізде тәртіп солай» деп біраз бөгеді. «Дәрігерге барып, тексеріліп келіңіз», – деп болмады. Дәрігер тексерді де: «Мықты кемпір екенсіз», – деп, анықтама қағаз берді. Содан, әйтеуір, жүрегім орнына келіп, ұшаққа отырдым. Осылайша, бір Алланың арқасында алыс сапардан аман-есен үйге оралдым.
Автор: Зура СЕРІКБАЙҚЫЗЫ, еңбек ардагері, тыл ардагері, Павлодар қаласы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: