Менің көршім Бағланның қалай үйленгені туралы оқиғаны сыныптастары әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Осы оқиғадан кейін құрдастары оны Шурик атандырды. Шурик-Бағланның мінезі әпенділеу, жүрген жерінде жұртты күлкіге қарық қылады да жүреді.
Әскер қатарындағы борышын өтеп келіп, бойындағы қара күшін қайда жұмсарын білмей жүрген Бағлан ойда жоқта көшеде көзіне жылы ұшыраған бейтаныс арумен танысып қалады. Қылшылдаған бойдақ жігіт үйде тұрсын ба, күнде кешкісін жоғалып кетіп жүреді. Бүгін-ертең үйленем деген ой басына да кірмеген досымыз жүрегін жаулап алған арумен мақсаттарын бір арнаға тоғыстырмақ болып, үйленуге бір-ақ күнде бел байлайды. Ол кезде қазіргідей кез келген жерде үймелеп тұратын таксилер жоқтың қасы. Көшеде тұрып, әр көлікке қол көтерсе, бірде-бірі тоқтамайды. Тезірек құсын қолына қондыруға асыққан Бағлан әу баста жол бойында тек «Волга», «Жигулилерге» қол көтерсе, енді тағаты таусылып, кез келген көлікке қол көтере береді. 80-жылдардың аяғы, қазіргідей ағылып жатқан иномаркалар аз, аты аталған көліктеріңнің өзі тұмсығын көкке тіреп, кез келгеннің қолы жете бермейтін уақыт.
Сонымен, шыдамы таусылған қос ғашықтың қасына бір «Запорожец» келіп, тоқтай қалады. Қыз құрметтеуден мақұрым досымыз алдыңғы есігін ашады да, өзі отырып алады. Бұрын «Запорожецке» мініп көрмеген Бағлан ойлайды ғой «Мағираш артқы есігін ашып өзі отырады» деп. Қыз байғұс не істерін білмей, қала береді. Жүргізуші қайдан білсін, «Біреуі қалады екен ғой» деп, көлігін жүргізіп кете барады. Біраз жерге барып артына қараса, қыз жоқ. «Өй» деп шошып кеткен Бағлан көлікті жарты жолдан қайтарады. Мағираштың қасына келіп тоқтаған соң, көліктен түскен Бағлан енді есі кіріп, артқы есігін ашып, қызды отырғызбақ болады. Ары қарайды, бері қарайды. Артқы есігін таппайды. Сол кезде ғана «Е-е, «Запорожецтің» артқы есігі болмайды екен ғой» деген «сигнал» миына барады. Сөйтіп, біздің көрші әлемді аузына қаратып, «ақ тұлпармен» осылай қыз алып қашып еді.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: