Кешеден бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Польшадағы Адам Мицкевич атындағы университет өкілдерімен кездесу өтуде. Қонақтардың құрамында Қазақстандағы Польша елшілігінің өкілдері, Шығыстану институтының профессоры Марек Гавенцкий және азиятану кафедрасының профессоры Хенрык Янковский бар. Адам Мицкевич университетінің бұл жұмыс сапары «Еуропаға жол» Мемлекеттік ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның басты мақсаты университеттер арасында өзара ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сонымен қатар екі білім ордасының қарым-қатынас жасаудағы бағыттарының бірі бойынша ғылыми байланыстар бойынша тәжірибе алмасу шараларын жетілдіру көзделген.
Қазақ ұлттық университеті 1991 жылдан бастап Адам Мицкевич атындағы университетімен тығыз байланыста. Екі оқу орны университет арасында тарих, этнография, филология, география, геология, биология салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылған.
Адам Мицкевич университеті – Польшаның алдыңғы қатарлы университеті. Ол Познань қаласындағы ең алып оқу орны.Тарихқа жүгінсек, 1611 жылы 28 қазан күні Зигмунд ІІІ-нің кезінде Йезуиттер Коллегиясына Познань қаласының бірінші университет дәрежесін беруге қаулы шығарады. Бірақ бұл мекемеге ресми статусын бергеннен 308 жыл өткеннен кейін ғана, 1919 жылдың 7 мамыр күні Пяст университетінің алғашқы оқу жылы басталды. Тек, 1955 жылы университет өзінің қазіргі атауын алды. Осы университетте есімдері әлемге әйгілі адамдар арасында: Мария Склодовская-Кюри, Вислава Шимборска, Хавьер Солана, Иоанн Павел II сияқты ұлы адамдар оқыған.
Автор: Иса БЕК
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: