Тараздағы Тұрар Рысқұлов атындағы мәдениет және демалыс саябағының концерт алаңында үрмелі музыка фестивалі болып өтті. Ол музыкант және өңдеуші Вячеслав Кимді еске алуға арналып ұйымдастырылған болатын.
Бұл концерт дәстүрлі түрде жылда өткізіліп тұрады. Биылғы еске алу кешіне жиналғандар да аз болған жоқ Үрмелі музыка фестивалі жиырма жылдан астам Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың үрмелі аспаптар оркестріне жетекшілік еткен Вячеслав Кимді еске алуға арналып өткізіледі.
Владимир Максименконың жетекшілігіндегі Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жібек жолы» эстрадалық оркестрі, Федор Альдингердің жетекшілігіндегі ҚР Ішкі істер министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрі, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қарахан» аспаптар оркестрі бұл дәстүрлі фестивальдің тұрақты қатысушылары болып келеді. Олар жыл сайын репертуарындағы шығармаларын байытып, концертке зор дайындықпен келеді.
Людмила КИРШНЕР, музыкатанушы, Абай атындағы гуманитарлық колледждің оқытушысы:
– Бұл концертке қатысуға ниет білдірушілер көп. Өз өнерлерін ортаға салып әрі музыкантты еске алуға арналған кешке өз үлесін қоссам дегендердің барлығының да тілектерін кері қайтармауға тырысамыз.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Тараз
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: