Өркениет

Танымал тэгтер: , , , , ,

Адамзатқа үлгі болған қазақ батыры

   0 734

Биыл қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады. Осы айтулы мерекеге орай, кеше Алматыда «Ақ Орда» республикалық қозғалысының қолдауы­мен батыр бабамыздың басына құран аяты жазыл­ған тасбелгі қойылып, аруағына құран оқылды. Сәйкестік пе, әлде Алланың қалауы ма, қасиетті Рама­зан айының соңғы 29-ы күні қозғалыс өкілдері бабалар басына осымен 29-тасбелгіні қойып отыр.



Соғыс уақытында орыстың екі әскері три­буналға тартылып, өлім жазасына кесілмекші болады. Сонда Бауыржан Мо­мышұлы: «Егер біз екі әскерді өлтіретін болсақ, біріншіден, әскерімізден айыры­ла­мыз, екіншіден, оқтарымызды шығынға ұшы­ратамыз, одан да бұл екеуін жаудың алды­на, жауынгерлеріміздің алдыңғы шебі­не қоялық, ең болмағанда екі жауы­мызды жастанып қалсын», – деп, әлгі екі орыс солдатын өлім жазасынан аман алып қалады. Соғыс аяқталғанда сол әскердің біреуі майдан даласында қайтыс болып, екіншісі елге аман оралады. Талай жылдар өтіп, бір күні Баукеңнің есігін бір орыс кісі қағады. Қасында бір кішкентай баласы бар. Таныса келіп Бауыржан батыр әлгі кісі өзі аман алып қалған солдат екенін біледі, ал жанындағы баланы сұрағанда, әлгі орыс кісі: «Бұл – менің балам, атын сіздің құр­метіңізге Бауыржан қойдым», – дейді. Міне, батыр бабамыз – тек қазақ халқы үшін емес, жалпы адамзатқа ортақ игі істер жа­саған тұлға. Қазақ батырының «Воло­коламск тас жолы» кітабын Куба, Израиль ел­дері әскери жарғымен қатар пайдала­на­ды екен. Қаһарманның тек әскери емес, әде­биетші, тарихшы, шежіреші екенін ұр­пақтары жақсы біледі. Белгітас қою рәсі­мі­не «Ақ Орда» қозғалысының өкілдерімен қа­тар батыр атамыздың артында қалған ұр­пақтары, халық қалаулылары мен зиялы қа­уым өкілдері де қатысты. Белгітасты Бау­кең­нің ұлы, ізін жалғастырушы Бақытжан Ба­уыржанұлы мен қоғамға белгілі азамат Мү­сілім Дайырбеков ашты. Бұдан кейін қозғалыс өкілдері барлық қатысушы азаматтарға арнайы дайындалған сый-сияпаттарды сыйға тартты. Жиыннан соң келген қонақтар мұсылмандық дәстүрмен қой сойып, атамыздың аруағына құран бағыштады.



Қанат МҰСАҒҰЛОВ, «Ақ Орда» қозғалысының төраға орынбасары:

– Бұл құран белгітасының бір жа­ғында қазақша, бір жағында араб тілінде Құран сүресі жазылған. Мұндай белгітас батыста Бекет атаның басы­на­нан бастап, еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік өңірлеріндегі барлық танымал бабаларға қойылып келеді. Тамыздың 22-сі күні Дінмұхаммед Қонаев атамыз­дың қайтқан күні екен, осы күні Дінмұ­хам­мед атамыздың басына да осындай бел­гітас қойдық. Жалпы, Бауыржан Мо­мышұлын Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Нау­рызбай бабаларымыздың батырлық ісін жалғастырушы тұлға деп айтуға бола­ды. Бауыржан Кеңес Одағы кезінде қаз­ақтың атын әлемге паш еткен азамат, сон­дықтан атамыздың басына бір белгі ор­натуды өзімізге парыз санадық. Рамазан айы Құран Кәрімнің жерге түсе бастаған, пайғамбарымызға пайғам­бар­лық қона бастаған ай, сондықтан қа­сиетті айда белгітас қоюымыздың да үлкен маңызы бар деп ойлаймын. Енді ата­мыздың басына құран оқимын деп кел­ген азаматтар құранға қолын қойып, ба­тысқа қарап атамыздың аруағына ниет етсе болады.




Бақытжан Бауыржанұлы, батырдың ұлы:

– Биыл елімізде үлкен той – әке­міздің 100 жылдығы тойланғалы жа­тыр.  Мен бүгінгі белгітасты орнатуға ат­салысқан азаматтарға, әкемізді құр­мет тұтып жатқан барша қазақ жұртына тек алғысымды білдіргім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, туыс­ты­ғымыз арта берсін!

Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:49
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15