Ақсу ауданының Қапал ауылында Қазақстанның халық әртісі Есболған Жайсаңбаевтың бюсі орнатылды. Мүсінші Тілеуберді Бинашев дайындаған бюст Жайсаңбаев атындағы мектептің алдына қойылды.
Салтанатты шараға жергілікті басшылармен қатар, сахна саңлақтары Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және басқа да танымал әртістер қатысты. Сонымен қатар Е. Жайсаңбаевтың жары Салиха Қожақова, балалары, туған-туыстары да шақырылды.
Қапал өңірінің топырағында туған Есболған Жайсаңбаев театр мен кино өнерінде біраз биіктерді бағындырған актер еді. «Беу, қыздар-ай», «Беу, жігіттер-ай» спектакльдеріндегі сомдаған бейнесі әлі күнге көпшілік жанынан шыққан жоқ. Жалпы саны қырыққа жуық кейіпкерді көрерменмен қауыштырған актер «Қазақфильм», «Мосфильм» киностудияларында да талантын танытып үлгерген болатын. Ол танымал спектакльдер мен әдеби шығармаларды қазақ тілінде сөйлетуге де барын салып, аудармашы ретінде де қолтаңбасын қалдырды. Мектеп ішіндегі мұражайында жинақталған экспонаттар Есағаның өмірі мен өнеріне қатысты сыр шертеді.
Автор: Сағыныш САБЫРЖАНҚЫЗЫ, Алматы облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: