Ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығын ұйымдастыру комитеті қызу жұмысты бастап кетті. Аталмыш жоба 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі, Мәдениет министрлігі мен Байланыс және ақпарат министрлігі, Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ KAZENERGY ҚҚ, Chevron, «Саутс-Ойл» компанияларының қолдауымен, «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып келеді.
«Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитеті бір жылдың көлемінде біршама жұмысты атқарады. Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу, Қазақстан бойынша ішкі саясат басқармаларымен, ҮЕҰ, коммерциялық ұйымдармен байланыста болу. Осы істердің барлығы да қайырымды жандарды іздеп тауып, алғыс айту үшін атқарылады.
Жобаға қатысамын деушілер ақпаратты www.altynzhurek.kz немесе www.baurzhan.kz сайттарынан ала алады.
Ұйымдастыру комитеті 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтініштер мен құжаттарды жинап, содан соң барлық құжаттардың дұрыстығын, толықтығын тексереді.
Ұйымдастыру комитетінен кейін құжаттар ҮЕҰ, БАҚ, жергілікті басқару органдарының өкілдерінен тұратын Сарапшылар кеңесінің қолына өтеді. Осы кезеңде әр номинация бойынша ең көп дауыс жинаған үш номинант анықталады.
Үміткерлер арасынан жеңімпаздарды таңдау құқығы өнер, саясат, бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлерінен тұратын Қоғамдық кеңеске беріледі.
Биыл ұлттық сыйлықты марапаттау салтанатты кеші 2010 жылдың 27 қазанында Астана қаласының Конгресс-Холында өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз Омарбекова: «Жоба жылдан-жылға жетіліп келеді. Іріктеу шарттары қатаңдана түскеніне қарамастан, үміткерлер саны жылдан-жылға артып келеді. «Алтын жүрек» сыйлығы тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресей, Орталық Азия елдерінде де танымал. Келешекте «Алтын жүрек» халықаралық ауқымға ие болады деп сенеміз», – дейді.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: