Өркениет

Танымал тэгтер: , , , , ,

Әкімтану басталды

   1 545

Өткен ғасыр қойнауларынан бастау алған қазақтың қаламгерлік өнері бүгінде осы заманның өрнегіне сай жандана түсті десек, артық айтпаған болар едік. Алайда бір олқы тұсы, руханиятымызды зерттеуші тұлғалар өткен ғасырдағы немесе кеңестік кеңістік аясындағы танымал есімдерді зерттеумен шұғылданса да, Тәуелсіздік кезіндегі ұлт мәдениетін қалыптастыруда ерен еңбек атқарған, сонысымен халықтың жанына жақын ұлт мақтаныштарының шығармашылық болмысына әлі үңіле қоймапты.






Сондай бір ғылыми және шығар­машылық әлеміне зер салуды қажет ететін қаламгер – Әкім Ысқақ. Ондай қажеттілікті заман туғызып отыр. Осы қажеттілікті дер кезінде сезініп, қайраткер қаламгердің рухани болмысына, оның түрлі жанрдағы кітаптарына ғылыми тұрғыдан талдау жасауға жас та болса, осыған дейін өзінің әдебиеттегі жолын салып үлгерген, «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш» сынды прозалық жинақтардың авторы, тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері Лира Қоныс кірісті. Осы жолда біраз жылдар ізденіп, көп еңбектенген жас қаламгердің таяуда «Ізгілікті іздеу теориясы» атты кітабы жарық көрді.

Кітапта автор Әкім Ысқақтың Ата Заңымыздың аяғынан тік тұруына, қазақы жолмен қадам басуына жасаған ықпал­дарына, психологиялық-пәлсапалық сала­дағы туындыларына, балалар әдебиетіне қатысты дүниелеріне жеке-жеке тоқталып, талдау жасайды. Оған ғылыми тұрғыдан баға беріп, әдеби зерттеу жүргізеді.

Балалар әлемінің көрінісі деп аталатын бірінші бөлімінде автор Әкім Ысқақтың қазақ фольклорынан бастау алатын бала­ларға арнап жазған туындыларына тоқта­лады. Автордың әлпештеу жыры, санамақ, жаңылтпаштарына үңіледі.

Әкім Ысқақ сонымен қатар балалар поэзиясын көптеген жанр арқылы дамытып түрлендірді десек, оның бірі – өтірік өлең­дерге қалам тартуы. Тазша баланың қырық өтірігі қазақ фольклорындағы осы бір жанрдың бастауы дер болсақ, жазушы – сол жанрды түрлендіруші әрі бүгінгі бала­ларға арнап жаңғыртушысы. Автордың барлық өтірік өлеңдері иронияға, сатираға құрылған деуге әбден болады.

Ал екінші бөлім Ізгілікті іздеу теориясы немесе Найман-Ананың мұңы деп аталады. Онда Әкім Ысқақтың қаламынан туған пәлсапалық-психологиялық туындыларға талдау жасалса, келесі бөлімінде автордың сатирасы сарапталады.

Кітаптың соңғы жағында «Жусан иісті жыр» деген тарауда қаламгердің ақындық қырына да кезек беріліп, жырсүйер қауым­ның тарапынан жылы қабылданып, биік бағаға ие болған «Гүл қауызындағы там­шы», «Жан жаңбыры» секілді кітаптарына тал­дау жасалады.

Әкім Ысқақ әлеміне осылайша саяхат жасалған әдеби зерттеу бүгінде оқырманға жол тартты. Әдебиетсүйер қауым, ізденуші ға­лым­дарға таптырмас олжа, ал қазақ ғы­лымына үлкен үлес қосылып, әкімтану ғы­лы­мына соқпақ салынды деуге болады.

Автор: Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Балауса (23.09.2010 16:57)
Әрине, Әкім Ысқақ көп зерттеуді қажет ететін адам. Ол кісінің азаматтық та адамдық та болмысы - тұнып тұрған сыр мен жыр. Басталған Әкімтануға үлесімізді қоса алсақ дейміз, біз де армандап..... Лираға сәттілік тілеймін!

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:36
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15