Күздің алғашқы күндерінен-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік шаралар жандана бастады. Әсіресе Алматыда күніне бірнеше «мәдени оқиға» орын алуда. Осы орайда қыркүйектің 16-сы күні Орталық көрме залында Крупения мектебі деп аталатын қолданбалы дизайн балалар мектебінің мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Осынау өнер орталығында дарынды балалар тәрбиеленуде. Оларға тәжірибелі ұстаздар мен шебер мамандар дәріс беруде. Аталған көркемдік мектеп он жылдан астам уақыттан бері жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Арнайы мектеп ұжымының бүгінге дейін атқарған жұмыстары ЮНЕСКО, Еуропалық комиссия, Алматы әкімдігі, Мәскеу үкіметі және Чехия Республикасы елшілігінің назарын аударып, тиісті мамандардың бағасын алған. Мектептің өнерлі шәкірттері түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, қалалық байқаулар мен көрмелердің қатысушысы және жеңімпазы болып танылып жүр. Мектеп директоры Ирина Крупенияның айтуынша, бұл білім ордасында екі аптаға созылатын үлкен көрмеге академиялық кескіндемелер мен суреттер, станокты композициялар, графика, мүсін, коллаж, керамика мен әйнекті әшекейлеу, қуыршақтар мен декоративтік өрнек, батик және киім-кешек әшекейлерінің ерекше үлгілері қойылмақ.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: