Өркениет

Танымал тэгтер: , , , , ,

Белорустар Астанаға келмек

   0 272

Алдағы аптада Астана қаласында Беларусь Республикасының Мәдениет күндері өтпек. Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған шара 6-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында ұйымдастырылмақ.



Мемлекет басшысының 2009 жылғы қарашаның 25-26-сында Беларусь Республикасына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын мәдени іс-шараға ұйымдастырушылар сақадай сай көрінеді. Мәдениет күндері шеңберінде «Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблінің концерті, қазіргі заманғы белорус кескіндемесінің көрмесі және белорус киносының күндері өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ белоруссиялық өнер өкілдері түрлі кездесулер және баспасөз конференцияларын ұйымдастырмақ. Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы қыркүйектің 6-сында сағат 19.00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында басталады.

 

Автор: Сахи Шайыр

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 11:04
Рейтинг: